- Басты
- Жаңалықтар
- Өзбекстан 2020 жылға дейін қазақстандық тауарларға салынатын акциздерді кезеңімен төмендетеді (ФОТО)
Өзбекстан 2020 жылға дейін қазақстандық тауарларға салынатын акциздерді кезеңімен төмендетеді (ФОТО)
«Бүгінгі кездесуде сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Былтырғы жылмен салыстырғанда екі елдің тауар айналымы 13,9 пайызға төмендеп кетті. Бұл әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты. Алдағы уақытта бұл көлемді қысқартпау бойынша атқарылатын жұмыстарды бүгінгі кездесуде қарастырдық», - деді отырыс қорытындысы бойынша Б.Сағынтаев.
Оның атап өтуінше, бүгінде екі елдің арасындағы сауда айналымындағы тауарлардың тізімін кеңейту аса маңызды.
«Осыған орай екі елдің экономика министрліктеріне тапсырма берілді. Біздің сарапшылар бүгін түстен кейін бұл бағыттағы жұмысты бастайтын болады. Қазақстаннан Өзбекстанға химия өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін көп көлемде жеткізуге үлкен мүмкіндіктер бар. Осыған байланысты біз Өзбекстан тарапына біздің тауарларға белгіленген жоғары акциздерді төмендету мәселесін қойдық», - деді вице-премьер.
Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан 2020 жылға дейін бұл акциздерді біртіндеп төмендету бойынша келісімге келді.
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді