Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда айналымын кеңейтуге келісті

11 Наурыз, 2016 14:12
Қазақстан мен Өзбекстан бір-біріне жеткізетін тауар тізімін көбейтуге келісті, сондай-ақ, өзара сауда айналымын кеңейту қарастырылып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚР Сыртқы істер министрлігінде.

Айта кетейік, тараптардың келіссөздері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастығының парламентаралық коллегиясының бірлескен 15 отырысы аясында жүзеге асты.

«Бірінші мәселе – сауда-экономикалық қарым-қатынас. Әлемде болып жатқан жағдайларға сәйкес, Өзбекстанмен арадағы сауда айналымы 13,9 пайызға төмендеді. Бұл қарапайым жағдай», - деді ол.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, әлемдегі ортақ жағдайға қарамастан нарықтарды қамту үрдісі жүзеге асуда.

«Біз өзбек тарапымен біздің сарапшылар Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстанның  сыртқыэкономикалық байланыс министрлігімен тауарлардың тізімін бекіту бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы тауар айналымын кеңейту сұрағы да қарастырылады», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар