• Басты
  • Жаңалықтар
  • «KADEX-2016» көрмесінде шетелдік серіктестермен бизнес-жобаларды пысықтауға аса мән беріледі

«KADEX-2016» көрмесінде шетелдік серіктестермен бизнес-жобаларды пысықтауға аса мән беріледі

11 Наурыз, 2016 19:18
Алдағы уақытта өтеттн «KADEX-2016» көрмесінде шетелдік серіктестермен өзара тиімді бизнес-жобаларды пысықтауға ерекше назар аудару жоспарлануда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Көрмеде отандық, сондай-ақ шетелде шығарылған қару-жарақ, әскери және авиациялық техниканың көрсетілімі өтеді. Көрменің ауқымы бұл жылы 7-ге дейін артып отыр. Оның қатарына, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің авиациялық техникалары, ұшқышсыз ұшу аппараты және ғарыш технологиялары, қару-жарақ пен әскери техника, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкі,  IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техникалары, әскери салада пайдаланылуы ықтимал баламалы қуат көздері кірді.

Естеріңізге сала кетсек, «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі – бұл мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібі аясындағы соңғы жеткен жетістіктері көрсетілетін қорғаныс өнеркәсібі саласындағы Орта-Азиялық өңірдегі ірі алаң.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «KADEX» көрмесін үш мәрте, атап айтсақ, – 2010, 2012 және 2014 жылдары өткізді. Биыл, әлемдік бизнеске қатысшуылардың келіп түсіп жатқан өтінімдеріне қарасақ, көрме қару-жарақ нарығында күтілетін халықаралық іс-шараның бірі болып табылады. Жүргізілген талдау өтіп кеткен «KADEX» көрмесінің экономикалық тиімділігін көрсетті. Олардың көрсеткіш деңгейінің өсуі «KADEX» көрмесінің имиджін, сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамытуға оң әсер еткені байқалады. 2010 жылғы көрменің қорытындысы бойынша 1,5 млрд АҚШ доллары сомасына 10 ұзақ мерзімді құжат жасалып, оған 156 компания, оның ішінде 86 отандық компания қатысқанын айта кеткен жөн. Ал 2014 жылы көрме барысында  қол жеткізілген уағдаластық нәтижесінде 2,6 млрд-қа жуық АҚШ доллары сомасында 31 ұзақ мерзімді құжат жасалды, қатысушы компаниялардың саны 300-ге дейін, ал отандық қатысушылар саны – 92-ге дейін артты.


 

 

Барлық жаңалықтар