- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында жыл басынан бері ХҚКО арқылы 530 мыңнан астам көмек көрсетілді
Жамбыл облысында жыл басынан бері ХҚКО арқылы 530 мыңнан астам көмек көрсетілді
«Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар, тіпті мобильдік телефонның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.
“Бүгінде «Электрондық үкімет» порталында азаматтарға 240 онлайн қызметтер мен сервистер қолжетімді, оның ішінде 56-дан астамын мобильдік қосымша арқылы алуға болады. Отандастарымыз портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы,еліміз бойынша осы уақытқа дейін азаматтарға 124 миллионнан астам әр түрлі қызмет көрсетілген. Баршаңызға белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету міндеті қойылған болатын»,-деді Д.Медетбеков.
Данияр Медетбековтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтар қызметінің бірінші жылдары тұрғындарға барынша жайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын себептерді, бюрократизм мен әуре-сарсаңға салынуды жою бойынша қойылған міндеттерді орындаудағы олардың тиімділігін көрсетті.
Орталықтардың басты оң қасиеттері ретінде барлық тұрғындар үшін тең қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі, түрлі органдардың құжаттарын әзірлеу бойынша қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжатты әзірлеушілер мен тұрғындар арасында тікелей байланыстың болмауы сияқты маңызды аспектілер болып отыр.
Жыл сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны да артуда. Мысалы, 2007 жылы ХҚКО мемлекеттік қызметтердің 25 түрін көрсеткен болса, қазіргі таңда бұл сан 212 қызметке дейін елеулі түрде өскен.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі