• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚК мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері спорттық бағдарлаудан медальдар жеңіп алды (ФОТО)

ҚР ҚК мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері спорттық бағдарлаудан медальдар жеңіп алды (ФОТО)

11 Наурыз, 2016 20:42
Петропавл қаласында өткен спорттық бағдарлау жарысынан Қазақстан Чемпионаты аяқталды. Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жарысқа қатысушылар бірнеше күн бойы ерлер мен әйелдер арасында орта және алыс қашықтықтағы, спринт және эстафетадағы үздік спортшыларды анықтады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Спорттық бағдарлау – компас және картаны қолдана отырып қиылыс жерлерден жүргіру. Бағдарлаушы спортшылардың шыдамдылығы жоғары деңгейде болуы шарт, себебі оларға алыс қашықтыққа жүгіруге тура келеді.  Спортшы жерлерді бағдарлауы және картаны терең зерделей білу керек», - делінген хабарламада.

Өйткені, бұл қасиеттер беймәлім жағдайда және таныс емес жерлерде шешім қабылдауға және ұшқыр ойлауға септігін тигізеді. Армияның орталық спорт клубының спортшылары әр бағыт бойынша медалдар иеленді. Жарыстың бірінші күні орта қашықтықты бағындырудан алтын медалдың иегері мерзімді қызмет ефрейторы Дмитрий Адамович атанса, ал осы қашықтықта сайысқа түскен  мерзімді қызмет ефрейторы Азамат Назыров  және кіші сержант Эльмира Молдашева күміс жүлдені иеленді.

Алыс қашықтық бойынша спортшы Дмитрий Адамович алтын жүлдені, ал күміс жүлде Әсем Назыров пен Аслан Тоқбаевқа, сонымен қатар қола жүлде Эльмира Молдашеваға бұйырды. Спринтте Аслан Тоқбаев қарсыластарынан баса озып, жоғарыға өрмелеуден үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның чемпионы атанды, ал күміс жүлде – Дмитрий Адамович, қола – Азамат Назыровқа бұйырды.

 Дәл осы жарыс түрінен әйелдер арасында күміс жүлдені Әсем Назырова, ал қола жүлдені Эльмира Молдашева иеленді. ҚР ҚМ АОСК атап өткендей, спорттың бұл түрі жерлерде патруль жасауға, шолуға, тапсырмаларды шешуде әскери қызметшілерге ерекше қажетті спорт түрі. Спорттық бағдарлау сабағы офицерлерге, сержанттар мен сарбаздардың жауынгерлік даярлық мүмкіндігін арттырып,  қиын жағдайларда таныс емес жерлерде жеңіл, әрі дәл бағдарлауға, сондай-ақ жолсыз жерлерде жылдам жүруге, әсіресе орманды және батпақты жерлерде қолдан жасалған кедергілерді тез еңсеруге мүмкіндік береді.

 

Барлық жаңалықтар