• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Астана Опера» әншілері Arena di Verona-ғы Халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды

«Астана Опера» әншілері Arena di Verona-ғы Халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды

16 Қараша, 2013 11:53
Веронада (Италия) Опера әншілерінің үлкен халықаралық конкурсы өтті. «Астана Опера» театрынан үш солисті: Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев және Әлфия Кәрімова жеңіске жетті, деп Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


«Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев және Әлфия Кәрімова барып, Джакомо Пуччинидің «Богема» және Гаэтано Доницеттидің «Мария Стюарт» операларының партиясын орындап, жеңіске жетті. Байғожин Сүндет өз номинациясы бойынша жеке-дара бірінші орынды иеленді. Шотабаев Медет те өз номинациясы бойынша бірінші орынды иеленіп, партияны орындау жеңісіне қол жеткізді. Кәрімова Әлфия аталған конкурстың лауреаты атанды», - деп хабарламада нақтыланған.

Аталған конкурстың лауреаттары сыйлық ретінде: Байғожин мен Шотабаев 2014ж. 19 наурызында Arena di Verona Қыстық залында «Богема» операсының басты партияларын орындайды; Әлфия Кәрімова осы театрда «Мария Стюарт» операсына қатысады.

 «Құрамына 5 адам кіретін қазылар алқасы осы конкурс арқылы операларға каст жинады. Оңай болған жоқ, дегенмен тырыстық. Құзыретті әділ қазылар алқасының мүшелері Қазақстанда осындай жақсы опералық мектеп барына таң қалды. Paolo Gavazzeni мырза менің даусыма қатты таң қалғанын жеткізді, шынымен де менікі таза жеңіс болды. «Астана Опера» солисттері үшін бұл үлкен жеңіс, себебі әнші үшін ең бастысы – операда шырқау», - дейді Байғожин.

Барлық жаңалықтар