• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат мемлекеттік қызмет көрсету туралы заң жобасына енген өзгертулерді қарады

Сенат мемлекеттік қызмет көрсету туралы заң жобасына енген өзгертулерді қарады

11 Наурыз, 2016 12:59
ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енген өзгертулер қаралды.

 «Құжаттың мақсаты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, ұғымдық ақпаратты жетілдіру, заңнама деңгейінде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың негіздерін біріздендіру, елімізде көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада бар сәйкессіздіктерді жою болып  табылады.Конституцияға сәйкес, адамның және азаматтардың құқы мен бостандығы тек заң арқылы ғана шектеледі. Соның өзінде де бұл шектеулер конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа адамдардың құқы мен бостандығын, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында заңдық негізде ғана қарастырылады», - деді Марат Құсайынов.

Заң жобасы Парламент Сенатының екінші оқылымында қаралды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар