• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Христеа: ЕО Қазақстанның мемқызметкерлердің жаңа буынын құру бастамасына оңтайлы баға берді

Т.Христеа: ЕО Қазақстанның мемқызметкерлердің жаңа буынын құру бастамасына оңтайлы баға берді

11 Наурыз, 2016 12:34
Еуропалық одақ Қазақстанның жаңа мемқызметкерлердің буынын құру бастамасына оңтайлы баға берді. Бұл туралы «Мемлекеттік қызметтегі заманауи әдістер мен реформалар» конференциясында ҚР-дағы Еуропалық одақтың елшісі Траян Христеа мәлімдеді.

ЕО жобасы халықаралық бастама. Бірлескен жұмыстың төрт  жылдық тәжірибесі  мемлекеттік аппараттың жаңа моделін құруға мүмкіндік берді.

«Осы 4 жыл ішінде біз мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында зор еңбек еттік. Айта кетерлігі, бұл біздің серіктестеріміздіәң ашық және тиімді ынтымақтастығының арқасында жүзеге асты», - деді ол.

Спикер академия үшін  тиімді тұстарды да айтып өтті.

«Тәжірибеге келетін болсақ, жоба академияға оқыту бағдарламаларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстаннан мемқызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді. Қазақстанның 3 мыңнан астам қызметкері жоба аясында оқытылды», - деді ол.

Барлық жаңалықтар