• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылы қазақстандық ғалымдар Аралға ғылыми экспедиция жасауды жоспарлауда

2016 жылы қазақстандық ғалымдар Аралға ғылыми экспедиция жасауды жоспарлауда

11 Наурыз, 2016 12:29
Қазақстандық ұлттық географиялық қоғам осы жылдың жаз айында Аралға ғылыми экспедиция жасауды жоспарлауда. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында Қазақстандық ұлттық географиялық қоғам төрағасы Қанат Байғарин мәлімдеді.

«Қазақстан тәуелсіздік алғанда, арал проблемасы ушығып тұрған, National Geographic Арал мен оның проблемалары туралы жазды. Олар 15-20 жылдан кейін бізге экспедицияны қайта жасауды ұсынды. Қазір бұл мүмкіндікті талқылап жатырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, Қ.Байғарин осы жылдың жазында Аралға экспедиция жасауды жоспарлап отырғаныдғын айтты.

«Шетелдік әріптестер қосылатын да шығар, осы жылдар аралығындағы оқиғаларды түсіну үшін бұл өте қажет. Олар қосылмаған жағдайда да біз экспедицияны өткіземіз», - деді ол.

Барлық жаңалықтар