4 жыл ішінде ЕО елдерінде ҚР-ның 170 мемлекеттік қызметкері оқытылды

11 Наурыз, 2016 12:26
Астанада «Мемлекеттік қызметтегі заманауи әдістер мен реформалар» конференциясы өтуде, шарада ЕО жобасының 4 жылдық қорытындысы шығарылады. Жоба аясында 171 мемлекеттік қызметкер ЕО-ның 25 еліне барып білім алды. Бұл туралы мемлекеттік істер жөніндегі вице-министр Инна Ахметова айтты.

«Жобаны жүзеге асыру барысында 171 мемлекеттік қызметкер ЕО-ның 25 еліне барып білім алды. Жақында министрліктің сарапшылық тобы Нидерланды мен Данияға кетті, онда қызметкерлеріміз аталмыш елдердің кадрлық жоспарлау мен мемлекеттік аппаратты оңтайландыру тәжірибесін үйренеді», - деді И.Ахметова.

Тәжірибе алмасу аяқталмайды. Спикер атап өткендей, осы жылдың наурыз айында ММҚ Эстония мен Ұлыбританияға барады.

«Наурызда министрліктің қызметкерлері Эстония мен Ұлыбританияға барады, ол қызметті автоматтандыру, жлектронды үкіметті дамыту, мемаппаратты оңтайландырумен танысады. Біз жобаның құрамына осы сапарды жобаның аяғында ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар