• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 103 мыңнан астам әлеуметтік желіні пайдаланушылар өз аватарларын ұлттық символикамен безендірді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 103 мыңнан астам әлеуметтік желіні пайдаланушылар өз аватарларын ұлттық символикамен безендірді

11 Наурыз, 2016 12:21
Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25.el.kz сервисi арқылы 103 мыңнан астам әлеуметтік желіні пайдаланушылар өз аватарларын ұлттық символикамен безендірді, деп el.kz сайтының шығарушы редакторы Айгүл Шерниязова ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтты.

"Бүгiнгi таңда 25.el.kz сервисi арқылы 103 мыңнан астам аватар безендiрiлдi. Акциямыздың географиялық ауқымы күн санап артып келедi. Қатарымызға АҚШ, Қытай, Нидерланды, Франция, Қырғызстан секiлдi елдердегi қандастарымыз белсене қатысуда. Ал Қазақстан қалалары бойынша Астана және Алматы қалалары көш бастап келедi. Безендiрiлген аватарлардың 38%-ы осы қалаларға тиесiлi. Ал белсендiлiк жөнiнен келесi кезекте Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары тұр. Үздiк ондық қатарына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары енiп отыр", - дедi А.Шерниязова.

А.Шерниязованың айтуынша, статистика бойынша өз аватарларын ұлттық символикамен безендірген әйелдер саны  ер адамдармен салыстырғанда 2 есеге көп. 68%-әйелдер, 32%- ерлер.

«Жас категориясына келетін болсақ, 18 бен 24 жас аралығы белсенді қолданған, олар  55,78 %-ды құрайды. Аватарды безендіру оңай жасалады. Ол жерде 3 қадам жасау керек. Олар сайтта көрсетілген. Аталмыш жобаны жұлдыздар, атақты адамдар қолдауда»,-деді ол.

Айта кетейік, сайтта Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған түрлі 16 видео бар.

«Біздің сайт пайдаланушылардың ұсынысына ашық, олар логотип бойынша өз ұсыныстарын жібере алады. Тақырыптық және тақырыптық модерацияны анықтағаннан кейін, сайтымызда міндетті түрде жарияланады»,-деді А.Шерниязова.

Әлем бойынша аваны безендіру кеңінен қолданылады. Мысалы, Google компаниясы өз аватарынды әлемдегі киноиндустрия премьерасы құрметіне орнатуды ұсынады, ал Facebook Францияда болған қайғылы оқиғаны қолдау мақсатында сол елдің туымен аватарды безендіруді ұсынды. Естерінізге сала кетейік, акция 2016 жылдың 16 желтоқсан айына дейін жалғасады.  

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар