- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы АҚШ-та “Болашақ” бағдарламасының стипендиант студенттерімен кездесті
Мемлекеттік хатшы АҚШ-та “Болашақ” бағдарламасының стипендиант студенттерімен кездесті
Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі мәселелер бойынша АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэллмен кездесуде екіжақты және көпқырлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ тарабын Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі ережелерімен таныстырды.
Сол күні Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі - Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығында сөйлеген сөзінде қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелде қазақстандық мамандарды даярлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Америкалық 100-ден астам сарапшылар, академиялық және қоғамдық топтардың өкілдері, сондай-ақ Вашингтон университеттерінің студенттері қатысқан іс-шара барысында Г.Н.Әбдіқалықова қатысушы аудиторияның ҚР Үкіметінің әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейту бойынша салып отырған күш-жігері туралы және басқа да көптеген сауалдарына жауап берді.
Гүлшара Әбдіқалықова «Жаһандық әріптестік» «Жанды дауыстар» халықаралық ұйымының гала-қабылдауы барысында ұйымның Президенті Элис Нельсонмен кездесті, сондай-ақ құрметті «Жаһандық көшбасшылық үшін марапат» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Ұйым 1997 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің, бірінші ханымы Хиллари Клинтон және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт бастамасымен Бейжіңде өткен БҰҰ-ның 4-ші Әйелдер Дүниежүзілік конференциясының қорытындысы бойынша «Демократиялық бастамалар» Vital Voices» негізінде құрылған. Ұйымның миссиясы - бүкіл әлем бойынша ең беделді әйелдерді анықтау және көшбасшылық әлеуетін инвестициялау арқылы олардың жаһандық үдерістердің катализаторына айналдыру болып табылады.
АҚШ-тың іскер топтары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы экономиканың жаңа, заманауи салаларына қолдау көрсетудегі ниетімізді және экономикамыздың басты секторларына инвестиция салу арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қатысуға шақыратынын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының стипендиант студенттерімен кездесу барысында мемлекетіміздегі құрылымдық реформалардың барысына, жұмыспен қамту арқылы жастарды қолдау шараларына, лайықты білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті дамыту мәселелеріне тоқталды.
Іссапар соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықованың Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өтетін «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысуы жоспарланған.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары