- Басты
- Жаңалықтар
- Торонтода канадалық инвестицияны Қазақстанның тау-кен саласына тарту мәселесі талқыланды
Торонтода канадалық инвестицияны Қазақстанның тау-кен саласына тарту мәселесі талқыланды
Диалог алаңы пайдалы қазбалар барлаумен, таукен ісімен айналысатын мамандар, компаниялар әрі ұйымдардың кездесуі үшін тұрақты орынға айналды.
Биылғы форумның жұмысына әлемнің 100 елінен мыңға жуық шетелдік компаниялар мен 23500 келушілер қатысты. Салаға инвестициялар тарту, сондай-ақ әлемдегі озық компанияларымен байланыстарды жолға қою мақсатында Қазақстан алғаш рет өзінің таныстыру стендін жұртшылық назарына шығарып, «Prospectors & Developers Association of Canada»-ның толыққанды қатысушысына айналды.
«Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов пен ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Ақбатыр Надырбаев Қазақстан атынан форумда өкілдік етті.
«Barrick Gold Corporation» компаниясының басшысы Келвин Душнискимен кездесуде Қазақстандағы геологиялық барлау жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық мүкіндіктері талқыланды.
«Сіздің компания таяу уақытта «Қазгеология» АҚ әріптестері – Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция салушы әлемдегі көшбасшы компаниялар қатарын толықтыруына күш саламыз» - деп атап өтті Ғалым Нұржанов.
Анықтама ретінде: «Barrick Gold» — канаданың таукен өндіруші компаниясы, алтын өндіру саласындағы әлемдегі көшбасшы. Компания АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Перуде, Чилиде, Аргентинада, Папуа-Жаңа Гвинеяда, Сауд Арабиясында, Замбияда және Доминикан Республикасында алтын өндіруді және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Barrick Gold»-ке 20-дан астам кеніш меншігінде тиесілі, оларда күміс пен мыс өндіріледі.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі