- Басты
- Жаңалықтар
- А.Россо: ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы бүкіл әлем жаңа Қазақстанды танитын болады
А.Россо: ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы бүкіл әлем жаңа Қазақстанды танитын болады
«Мен ЭКСПО-ң Бүкіләлемдік комиссарлар клубының президентімін. Бұл ұйымның барлық елдерде комиссарлары бар. Жақында ғана Миланда өткен көрме өте жемісті болды. Оған барлық елдерден көптеген туристер келді. Сонымен қатар, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назары көрмеге аударылды. 6 айға созылған көрмені бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл әлем біліп отырды. Сіздерде 3 ай көлемінде өтеді деп жоспарланып отыр»,-деді ол.
ЭКСПО-ң Бүкіләлемдік комиссарлар клубы президентінің айтуынша, Астанада өтетін мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы бүкіл әлем жаңа Қазақстанды танитын болады.
«Сіздердің мәдениеттеріңіз бен тарихтарыңыз танылатын болады. ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның басты жарнамашысы болайын деп тұр»,-деді А. Россо.
Сонымен қатар, сарапшы көрмеге дайындық жоғары деңгейде жүріп жатұанын да атап өтті
«ЭКСПО-2017 павильоны керемет болады. Мен сіздерге алдын ала билет алып, көрмені көрулеріңізге кеңе берер едім. Ол жерде қаншама ел халқының мәдениетін көруге болады. Бұл бір сөзбен айтқанда бүкіл әлемді бір күнде аралап шыққанмен тең болайын деп тұр. Сондықтан, көрмеге келген әрбір адам есте қалалрлық әсерде болады және сөзсіз риза болады»,-деп сендірді ол.
Сондай-ақ, А.Россо ЭКСПО-2017 көрмесіне 150-ге жуық италияндық компания қатысатынын хабарлады.
«Менің ойымша көрмеге аз дегенде 100-150 компания қатысуға тиіс. Өйткені көрменің тақырыбы бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр. Италияның көптеген компаниялары болашақтың энергиясын дамытуға мүдделі. Сонымен қатар, италияндық туристер де көптеп келетін болады»,-деп қорытты сөзін ЭКСПО-ң Бүкіләлемдік комиссарлар клубының президенті А. Россо.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді