- Басты
- Жаңалықтар
- «Есік» қорық-музейі «Алтын адамның» құпиясы» жинағын таныстырды (ФОТО)
«Есік» қорық-музейі «Алтын адамның» құпиясы» жинағын таныстырды (ФОТО)
Аталмыш материалдар «Есік» қорық-музейінің қоры іске асырған ғылыми-қолданбалы жобаның нәтижесі болып табылады. Аталмыш жинақтағы ғылыми мақалалар, сұхбаттар, деректі материалдар бірегей археологиялық олжаның табылу тарихына, тұтастай алғанда сақ тайпаларының рухани мәдениетіне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
“Жинақта «Ғылым ордасы» (бұрынғы ҚазКСР Ғылым академиясы) ведомоствалық мұрағаты қорының, Есік қорғанын зерттеуші экспедицияға қатысушылардың жеке мұрағат материалдары алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл материалдардың арасында ресейлік мамандардың «Алтын адамның» қаңқа сүйегіне жүргізілген сараптама жұмыстары туралы дерек ерекше орын алады. Ал сұхбат деректері «Алтын адамға» қатысты археологиялық жұмыстар барысы, оны қалпына келтіру жұмыстары мен қазіргі кезде қолданылуы жайлы кең көлемде мәліметтер береді”, - делінген хабарламада.
Жинақ тұсаукесері аясында осы аттас көрменің ашылу рәсімі өтті. Көрмеде жинаққа енген фото-құжаттар ұынылған. Сенсорлы экранның көмегімен көрме қонақтары «Есік экспедициясының» қатысушыларының және «Алтын адамның» киімін қалпына келтірушілердің сұхбаттарын тамашалай алады.
С.С. Руденконың ашқан Алтайдағы Пазырық, Берел және Башадар қорғандарының ең қымбат бұйымдары тоналған. С.С. Черников пен Ә.Төлеубаевтың Шілікті қорғандарынан (б.з.д. VII–VI ғғ.) тапқан олжалары тонаушылардың суық қолынан қалған бірнеше бөліктері ғана. Ал, аса құнды артефакттер, сонымен қатар олардағы ғылыми ақпараттар мәңгілік жоғалғаны себепті, олардың толыққанды ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. З.Самашев қазған Атырау облысындағы Аралтөбе қорғаны ежелгі заманда-ақ бірнеше рет тоналғандықтан Аралтөбеден табылған сармат көсемінің (б.з. І ғ.) киімін қалпына келтірудің факталогиялық негізі анағұрлым әлсіздеу.
Еуразия археологиясы үшін шын мәніндегі маңызға ие жәдігер 1970 жылы ашылған, профессор К.Ақышев баспа бетінде жариялаған, «Есік» қорғанынан шыққан, тоналмаған археологиялық кешен (б.з.д. IV – III ғғ.) б.т. Нәтижесінде әйгілі ескерткіш әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірауыздан мойындауымен Орталық Азияның ежелгі көшпенділері – сақтардың ғана емес, сонымен қатар тұтастай Еуразия көшпенділерінің алдыңғы қатарлы мәдениеті мен өркениетінің жарқын көрінісі, олардың адамзат мәдениетінің дамуына қосқан үлесі ретінде бағаланды. Сақ өнерінің осынау үлгілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қатарына кіргені де олардың ерекше маңызы туралы мәлімет береді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Зейнетақы жинағын емге жұмсау қалай жүзеге асады -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды -
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды -
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
А. Мамин Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысын таныстырды -
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)