• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Верхотуров: Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықтың нығаюына салмақты үлес қосты

Д.Верхотуров: Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықтың нығаюына салмақты үлес қосты

10 Наурыз, 2016 17:26
Қазақстан Орталық Азия бойынша мойындалған көшбасшы. Республика өңірде тұрақтылықтың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Бұл сыртқы сынақтар мен қауіпке берілген нақты жауаптардың бірі. Осы орайда Қазақстан Ауғанстанға қолдау көрсетіп, Орталық Азиядағы күрделі жағдайды төмендетуге үлес қосты. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Заманауи Ауғанстанды оқыту орталығының сарапшысы Дмитрий Верхотуров (Ресей) мәлімдеді.

«Сириядағы оқиға, ресейлік ӘСК әрекеті мен сириялық  әскердің шабуылы Ауғанстанға өзінше әсер етті. Басты оқиға, көңіл-күйдің күрт өзгергенінде еді. Егер де бұрындары «Талибана» мен  «ДАИШ» әскерлері күш ретінде саналса, қазір лаңкестікпен айналысатындарды жою керектігіне көз жетті. Ресей мен Қазақстан қазіргі таңда Ауғанстанға қару-жарақ жеткізу туралы бастаманы ұсынды. 2015 жылдың қараша айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ганимен кездесуінің қорытындысында Қазақстан гуманитарлық көмек пен сатылымды астықпен қатар, ауған армиясы мен полициясына қару – жарақ жөнелтетінін айтқан болатын.  2015 жылдың желтоқсан айында Ресейден 10 мың АК-74 және  2 млн патрон жеткізу шешімі қабылданған болатын. Ал Ресейдің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі,  РФ СІМ Азия екінші департаментінің директоры Замир Кабулов Ресей Ауғанстанға өзге қаруды коммерциялық негізде жеткізуге дайын екенін айтты.

Ауғанстанға әскери-техникалық көмек көрсету ҰҚШҰ  үздік елдерінің тарапынан қауіпсіздікті қамту ретінде қарастыралды. Ауғандық армия талибтер мен даиштықтарға шабуыл жасап жатқан кезде, Орталық Азияда олардың серпін көрсетуі күрделі. Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаев айтып өткендец, ауғандық үкімет Ауғанстан арқылы жеткізіліп жатқан нашаның жолын кеседі. Тәжірибе көрсеткендей, шабуылшылар шығарылған  елді-мекендер опиялық мактың шығарылуын тежейді.

Ахуалдың бұзылуы Ауған ұлттық армиясына да әсер етті. АуҰА Бас штабы бастығының орынбасары, генерал Мюрад Али Мюрад армияларды көктемдік белсенділету жоғары ауқымды жауап бере алады», - деді Д.Верхотуров.

Оның айтуынша, Қазақстан ауғандық проблемаға байланысты көрегендік, нақты саясатты ұстанып отыр. Ресейлік сарапшы, біздің бұл бағыттағы ұстанымды қолдап отыр.

«Әрине, ҰШҚҰ мен Қазақстан ауғандық келіспеушіліктің бейбіт шешілгендігін қалайды. Бейбіт келіссөздер мен ұлттық бітімгершілікпен аяқтау тиімді шешім болар еді. Қазақстан 2011 жылы ШЫҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында  даудың шешілуін әскери түрде жүзеге аспауы туралы мәлімдеген болатын. Келісушілікті жүзеге асыру үшін барлық топтарды, талибтер мен ДАИШ-ты  жою керек. Бұл орайда Ауғанстанға қару-жарақтық көмек көрсету өте орынды.

Сирия лаңкестік ұйымдары тарапынан қауіп төнген кезде бірігудің тиімділігін көрсетті. Тұжырымдамаға қарсы әскерлер төтеп бере алмады, себебі ҰҚШҰ мен ШЫҰ елдерінің қарулы күштеріне таразының басы ауып кеткен болатын. Халықаралық  лаңкестікке қарсы тұжырымдама аса белең алмаған Сирияда бірлік пен бітімгершілікке келу шешімі қарастырылмады. Бұл Ауғанстанды ҰШҚҰ мен ШЫҰ елдерімен қосса, әскерлермен жұмысты аяқтап, елде бейбітшілік орнатуды жүзеге асыруға болатын еді. Бұл біздің ұзақмерзімді, ұлттық қызығушылығымызға жауап береді.

Тұжырымдаманы ұсынуға болады, ол «сириялық» тұрғыда да  көрініс табуы мүмкін. ҰШҚҰ мен ШЫҰ бірге – әскери-техникалық, ауғандық армияны қамту, консультациялар мен экономикалық көмек және дамуға атсалысу. Бұл әлі талқылану деңгейінде, алайда аталмыш ұсыныс жылдам жүзеге асуы да ықтимал. Бұл шешімді созбаған ләзім, себебі Ауғанстандағы оқиға салдарынан құрбандар жапа шегуде», - деді сарапшы.

Данияр Қасымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды

 

 

Барлық жаңалықтар