- Басты
- Жаңалықтар
- ТДҰА 2015 жылы 51 жобаны қолдауға 1,6 млрд теңге бөлді
ТДҰА 2015 жылы 51 жобаны қолдауға 1,6 млрд теңге бөлді
2015 жылы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-на өтінімдердің рекордтық саны – 462 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде сарапшылардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 млрд.623 млн.теңгені құрайтын 51 жоба қолдауға ие болды. Бұл туралы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.
«2013 жылы 188 өтінім келіп түсіп, 822,8 млн.теңгеге 44 келісімшартқа қол қойылды. 2014 жылы біз 280 өтінім қарастырдық, оның ішінде жалпы сомасы 641,1 млн.теңгені құрайтын 38 жоба грантқа ие болды. 2015 жылы келіп түскен өтінімдердің 185-і қазіргі уақытта қарастырылу үстінде. Бұл жұмыс 2016 жылғы 1-ші тоқсанның аяғына дейін жалғасады. Өтінімдер санының көбеюіне жобаларды қаржыландыру мәселесінің жақсарғаны және елдің 8 өңірінде орналасқан 100-ден астам отандық кәсіпорындармен жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесі әсер етті», - деп атап өтті «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жұматай Сәлімов.
«ТДҰА» АҚ өкілі грант алушы компаниялардың ішінен «Ғалам», «Электровоз құрастыру зауыты» және «Swissgrow» тәрізді компанияларды атап өтті. Бұл кәсіпорындар мелекеттің қолдауыының арқасында озық технологияларға қол жеткізіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы салаларында жаңа өндірісті жолға қойған.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы