• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Каспий» тұшыту зауытын қайта құрғаннан кейін тәулігіне 32 мың текше метр су шығарылатын болады

«Каспий» тұшыту зауытын қайта құрғаннан кейін тәулігіне 32 мың текше метр су шығарылатын болады

10 Наурыз, 2016 18:01
«Каспий» тұшыту зауытын қайта құрғаннан кейін тәулігіне 32 мың текше метр су шығарылатын болады. Бұл туралы «Каспий» тұшыту зауытының директоры Владимир Мурашко айтты.

Айта кетейік, 2016 жылдың соңына дейін 5 ескі тұшыту қондырғылары алмастырылады. Өткізілген жаңғырту жұмысы тәулігіне қуаттылығы 20 мың текше метр су алуға көмектеседі.

«Облыс әкімі мен «Каспий» СПК»ҰК» АҚ қолдауымен инфрақұрылым нысанын қайта құру көзделген. Жұмыс 2016 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған, яғни судың қуаттылығын тәулігіне 20 мың текше метрге дейін ұлғайту. Бұл су Астау қаласының солтүстік тұрғынадары мен Түпқараған ауданадарына берілетін болады»,-деді В. Мурашко.

Естерінізге сала кетейік, бүгінгі күні зауыт тәулігіне 10 мың текше метр су өндіреді, яғни Мұнайлы ауданының Атамекен мен Батыр ауылдарын және Қарақия ауданының Құрық ауылындағы 150 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуде.

«Облыс бюджетінің қаражатына орай №6,7,8,9,10 қайта осмостық құруларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Химиялық және бактериологиялық зертхана үшін қажетті химиялық заттарды сатып алды»,-деді В. Мурашко.

Барлық жаңалықтар