СҚО мен РФ Қорған облысы ынтымақтастық туралы 16 меморандумға қол қойды

10 Наурыз, 2016 16:31
Қазақстан мен Ресейдің Еуразия экономикалық кеңесінде қатысуы екі жақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізеді, деп Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавл қаласында губернатор бастаған Қорған облысының делегациясы Алексей Кокоринмен кездесу барысында айтты.

Аймақ басшысы Солтүстік Қазақстан мен Қорған облысының арасындағы ынтымақтастық бірнеше жыл бойы келе жатқандығын атап өтті.

«Біздің мекеме қорғандық компаниямен ойдағыдай жұмыс істеуде. Облыс ауыл шаруашылығы саласымен тығыз қарым-қатынаста. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы, білі беру, мәдениет және спорт саласы дамуда. Менің ойымша Қорған облысының келуі біздің өзара тиімді ынтымақтастық жасауымызға оң әсерін береді»,-деді Е.Сұлтанов.

Өз кезегінде Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин Солтүстік Қазақстан облысы әрдайым сенімді шетелдік көрші және сауда-экнономикалық серіктес болғандығын айтты.

«Біздің аймақтар өнеркәсіптік кооперация саласында, жоғары технологияда ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетіне ие. Біздерге осы мәселені талқылау мақсатында бірталай кездесулер ұйымдастырып, алдағы ынтымақтастық туралы келісу керек»,-деді ол.

Әкімдікте хабарлағандай, аймақтар арасындағы қарым –қатынас сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық, гумманитарлық, құқық қорғау және тағы да басқа салалар бойынша жүргізіледі.  

Осылайша, СҚО-ның ауыл шаруашылық ұйымдары «Кургансемена» Агрохолдингтің ғылыми орталығымен ынтымақтасуда. «2015 жылы Қорған облысына 200 тонна ауыл шаруашылығы мәдениетінің тұқымдары кіргізілді. «Казнефтегазмаш» Петропавлдық кәсіпорны мен  қорғандық «Корвет» бірге мұнай-газ кешенінің жабдықтарын шығаруда. Петропавл қаласында орналасқан әмбебап жабдықтау зауыты «Шталь» мен «Микрон» қорғандық компанияларына жеткізілімді жасайды».

Қорған облысын губернаторының орынбасары, экономикалық дами департаментінің директоры Сергей Чебыкин аймақтар ынтымақтастық жасауда жақса тарихқа ие екендігін айтып өтті.

«Біз жаңа қалалық автобустарды, жаңа коммуналдық машиналар, өрт өнімдерінің кең ауқымдарын ұсынуға дайынбыз. Ауыл шаруашылығына үлкен көңіл бөлінуде. Осы салада ынтымақтасып, тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз»,- деді ол.

Айта кетейік, СҚО әкімі Ерік Сұлтанов пен Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин делегацияның сапар қорытындысында хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен  екі аймақтың шаруашылық субъектілерінде 16 меморандум мен келісімге қол қойылды. 

Барлық жаңалықтар