• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысы ауыл әкімдерінің 70 пайызы сайлау қорытындысы бойынша өз лауазымдарын сақтап қалды

Жамбыл облысы ауыл әкімдерінің 70 пайызы сайлау қорытындысы бойынша өз лауазымдарын сақтап қалды

16 Қараша, 2013 08:57
Жамбыл облысының 156 ауыл әкімінің 107-сі өз лауазымдарын сақтап қалды, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің сайлауының қорытындысы бойынша 156 әкім, оның ішінде 7 әйел сайланып алынды. Оның 107 сайланғаны өз лауазымдарын сақтап қалды», - деп хабарламада нақтыланған.

Жалпы әкім лауазымына Жаңатас, Қаратау, Шу  ауылдық округтер мен ауылдық жерлерінен 468 адам қатысты. Алайда, кейбір себептерге байланысты кандиттардың біршамасы өз еріктерімен сайлаудан бас тартты.Қорытындысында 9 тамыз күні аудандық мәжіліс депутаттарына 330 адамның арасынан іріктеу жүргізіп,  сайлауға тура келді.

Сонымен қатар, облыстағы сайлау үрдісін 98 халықаралық және отандық БАҚ өкілдері қадағалады. 

Барлық жаңалықтар