- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері «Әскери барлау үздігі» халықаралық байқауында алғаш рет өнер көрсетеді
ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері «Әскери барлау үздігі» халықаралық байқауында алғаш рет өнер көрсетеді
Құрлық әскерлерінің деңгейіндегі келесі іріктеу кезеңінен өту құқығына өздерінің әскери бөлімдеріндегі үздік 12 әскери қызметшіден 5 топ жарысқа түседі. Аэроұтқыр әскерлерінің деңгейіндегі іріктеуден кейін ҚР Қарулы Күштерінің соңғы кезеңі аяқталады.
Сол кезде мықты қатысушы команда анықталатын болады. Қазақстанның әскери қызметшілері «Әскери барлау үздігі» байқауына алғаш рет қатысқалы отыр. Үздік, мықты және ең кәсіби деген атаққа ие болу үшін өзге елдердің командаларымен бақ сынасуда оларға бірнеше кезеңнен өтуге тура келеді. Командалар десанттау мен марш жүгіруді орындайды, оқ атады, кедергілер жолағынан өтіп, жаяу әскердің жауынгерлік машинасын жүргізу дағдысын, сондай-ақ ЖӘЖМ-нің 100 метрге жүзіп өтуін көрсетеді.
Содан кейін әскери қызметшілерге 5 шақырымға жүгіруге және операцияларды жүргізудің ең күрделі тәсілдерінің бірі – торуылды жасауға тура келеді. Армия халықаралық ойындары – 2016 осы жазда Ресей Федерациясының аумағында және «Артиллериялық атыс шеберлері» мен «Мерген шебі» атты екі байқау Қазақстанда тұңғыш рет өтетінін айта кеткен жөн. АрМИ-2016 бағдарламасына далалық, әуе және теңіз машығы бойынша барлығы 23 байқау кірді. Әскери қызметшілеріміз барлық аталымдарда, дәлірек айтсақ, 21 конкурста ұсынылатын болады. Онда әртүрлі мемлекеттердің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен сайысқа түседі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды