- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да 10 концессиялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
ШҚО-да 10 концессиялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда
Концессиялық жобаның ең ірісі ұзақтығы 461 шақырым болатын Шар-Майқапшағай темір жол желісі. Құрылысты бастауға тек республикалық мемлекеттік сараптама комитетінің рұқсат құжаты ғана керек болып тұр. Осы жылдың бірінші жартысында барлық жобалық-сметалық құжаттары дайын болады. Ал, екінші инвесторларды анықтау жұмысы тұр. Бұл темір жол арқылы Ресей мен Қытайға жүк тасымалдау өте тиімді болмақ.
Екінші үлкен құрылыс Өскемен қаласындағы Виноградов көшесінің тұсынан Ертіс өзеніне көпір салу.
«Шығыс Қазақстан облысының Аймақтық мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі орталығы» АҚ-ң басқарма төрағасы Шәкәрім Бақтықұтовтың айтуынша, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпір құрылысы Күршім мен Самар аудандарын байланыстырады. Көпірдің техникалық-экономикалық негіздемесі мен мемлекеттік қорытындысы бар.Экологиялық, салалық сараптама қорытындысы да дайын. ҚР ҰЭМ-і жобаны мақұлдады.
«Аталмыш жоба аймақтың дамуына тың серпін береді. Көпір құрылысына тек отандық кәсіпорындардың материалдарын пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Шәкәрім Бақтықұтов.
Сонымен қатар, Өскемен қаласында көпсалалы 300 орындық аурухана мен Семей қаласынан 200 орындық қалалық балалар ауруханасының құрылыс жобалары іске асып жатқанын атап өту керек.
2015 жылдың қараша айында Семей қаласы бойынша 5, Өскемен қаласы бойынша 6 балабақшаның құрылысына жарияланған байқау сәтті өткен.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді