- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Шымкентте өнеркәсіп саласында 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланған
ИИДМБ: Шымкентте өнеркәсіп саласында 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланған
“Атап айтқанда, өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 289,0 млрд. теңгені құрап, 3,7 пайызға өссе, ауылшаруашылық өнім көлемі 9,0 пайызға, инвестициялар көлемі 2,0 пайызға артты. Осыған орай мемлекет басшысы және облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатына Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы дайындалды”, - деді әкім.
Қазіргі таңда өзект тақырып ретінде қала аумағына қосылған елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осының дәлелі ретінде 2016 жылы 8 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге кәріз, 5 елді мекенге электр, 2 елді мекенге газ тартылады. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту 85 пайыздан 88 пайызға, кәріз 41-тен 47 пайызға көтерілсе, электрмен қамту көреткіші 86-дан 88 пайызға, отындық газ тарту пайызы 67-дан 69 пайызға ұлғаяды.
Мұнан тыс шаһарда жарықтандыру, абаттандыру, транспорт саласы бойынша да жүйелі жоспарлар жасалынуда. Мәселен, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін аз уақыт ішінде 1 260 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, қала мектептерінде оқушылар үшін электронды бақылау жүйесі орнатылуда. Биыл өнеркәсіп саласында 29 жобаны іске асырып, 3,0 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Одан бөлек, инвесторларды ынталандыру мақсатында «Тассай» және «Жұлдыз» елді мекендерінен 2 индустриялды аймақ құрылмақшы.
Елдегі үшінші ірі қалаға айналу үшін қаламыздағы ең тартымды салаларға инвестициялар тарту басты назарда. Бұл бағытта отандық және шетел инвесторларын тарту үшін кемінде жылына 20 жобаны іске асыру көзделуде. Биыл «Shymkent PLAZA» сауда кешенінің ашылуы және қалада ең үлкен «Shymkent mall» сауда – ойын сауық орталығының құрылысын іске асырылады.
Шымкент-жылыжайлар отаны. Осы мүміндікті пайдалана отырып тамақ өнеркәсібін ұйымдастыруға қала аумағынан арнайы 136 гектар жер телімін беру жоспарланды. Одан бөлек, жалпы 1100 га жерге көкөніс және бақша, жылыжай, өсіру секциясы ұйымдастырылады. Бұл жерлерге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы