- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда МӨЗ-ге мұнай өнімдерінің жеткізілуі тәртібін заңды түрде бекітеді
Қазақстанда МӨЗ-ге мұнай өнімдерінің жеткізілуі тәртібін заңды түрде бекітеді
Парламент депутаттары бастамашы болған заң жобасы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану практикасы процесінде анықталған құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленген.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске және «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
«Мұнай жеткізушілердің мұнай өңдеу зауыты аумағында резервуарлардан вагон-цистерналарға құю арқылы мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыру құқығы бекітіледі. Бұл Мемлекет басшысының бизнеске деген әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды және шалғайдағы аудандар мен елді мекендерді мұнай өнімдерімен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді Сенат депутаты Михаил Бортник.
Бұдан басқа, мұнай жеткізушілердің шикі мұнайды өңдеу үшін мұнай өнімдерін өндірушіге жеткізу құқығын бекіту ұсынылады. Депутаттың айтуынша, бұл еліміздің мұнай өңдеу зауыттарын шикі мұнаймен және газ конденсатымен толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
«Сонымен бірге, мұнай жеткізушілерге Ресейдің мұнай өндіру ұйымдарынан ғана емес, олардың дилерлерінен де шикі мұнайды және газ конденсатын сатып алуға мүмкіндік беру үшін заң жобасымен Ресейдің мұнайын және газын Қазақстан аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа да мемлекет аумағынан әкелуді реттеу ұсынылады», - деді ол.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі