- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ның темір жол саласында субсидиялау жүйесі қайта қарастырылуда
ҚР-ның темір жол саласында субсидиялау жүйесі қайта қарастырылуда
«Теміржолмен жолаушылар тасымалдауға инвестициялар тартуға заңнамалық жағдай жасау.Заңнамалық негізде бағдарда бір тасымалдаушының қызмет көрсетуі мерзімінің ұзақтығын бекіту және тасымалдаушыларға жаңа вагондар сатып алуы жөнінде талаптарды қосу ұсынылады», - деді ИДМ министрі Ә.Исекешев.
Өз кезегінде, бұл мынадай шараларға мүмкіндік береді:билет тапшылығын, әсіресе жаз айларындағы тапшылықты азайту;жұртшылықтың қажетіне қарай жаңа бағдарлар ашу;жолаушыларға жаңа және қазіргі заманғы вагондармен қызмет көрсету, бұл жұртшылықтың жолаушы тасымалдауға қанағаттануына және қызмет сапасын арттыруға септеседі;пойыздың жол жүруі барысында жолаушыларға қосымша қызмет көрсету.
Әлеуметтік маңызы бар қатынас бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасын мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру. Жолаушыларды тасымалдау бағасын мемлекеттік реттеуді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Заң жобасы бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасын реттеумен шұғылданатын бір мемлекеттік органды белгілеу қарастырылған. Бұл жол жүру құжаттарының құнын ұзақ мерзімге болжауға және жолаушылардың сұранысы мен ұсынысына икемді құлақ асуға мүмкіндік береді.
«Теміржол вагондарын шығаруға ынталандыруға заңнамалық жағдай тудыру.Заң жобасындатеміржол вагондарын алуды қаржыландыру мен қаржылық лизингте сыйақы ставкаларын субсидиялауға мүмкіндік беретін түзетулер қарастырылған. Бұл, жүктерді контейнерлермен тасымалдауға арналған 1,5 мың фитингтік вагондар сатып алуға мүмкіндік ашады және осындай тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етеді. Мысалға, Қытай мен Еуропаның арасындағы контейнермен тасымалдау 2015 жылы 2 есеге артты», - деді министр.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер