БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақ асханасының фестивалі өтуде

10 Наурыз, 2016 15:19
Наурыз айының 7-і мен 11-і аралығында БҰҰ-ң Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақ асханасының фестивалі жетістікпен өтуде.

Қазақтың дәмді тағамдары мен тәттілерін және сусындарын таныстыру үшін Қазақстаннан бес үздік аспазшы Нью-Йоркке барған болатын. Олар қазақ асханасы мен Орталық Азия халықтарының керемет дәмдерін көрсетуде.

Фестивальдің ашылуына БҰҰ Бас ассамблеясының президенті Могенс Люккетофта, БҰҰ комитетінің басшылығы, Ұйым хатшылығының қызметкерлері мен БҰҰ елдерінің тұрақты өкілдері қатысты.

Фестивальдің ашылу барысында қонақтар ұлттық асханадан бөлек қазақ мәдениетінің дәстүрлерімен, өнерімен және тұрмыстық дүниелерімен танысты.

Аталмыш кеш қазақстандық композиторлар мен авторлардың шығармаларымен көмкеріліп отырды.

БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов фестивалға қатысушылардың қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне мән беріп, қызыға қарағандары үшін алғысын білдірді. Қазақстанның аспаздық мәдениеті ғасырлар бойы жалғасып келеді. Көшпенді халықтың керемет аспаздық мәдениеті сонау көне  Жібек Жолы бойындағы елдердің тұрғындары қолданған ас дайындау дәстүрінің жалғасы болып есептеледі. 

Барлық жаңалықтар