• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: ҚР-да заманауи технология бойынша білім алған 150 ғарыш технологиясының инженері жұмыс істейді

Ә.Исекешев: ҚР-да заманауи технология бойынша білім алған 150 ғарыш технологиясының инженері жұмыс істейді

10 Наурыз, 2016 13:07
Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғарыш саласында 50 маман оқытылуда. Осыған дейін 70 инженер оқытылған болатын. Инвестициялар және даму министрінің айтуынша, ҚР-да заманауи технология бойынша білім алған 150 ғарыш техникасының инженері жұмыс істейді. Бұл туралы ол Сенаттың жалпы отырысында айтты.

«Ғарыш инфрақұрылымы құрылып жатқан кезде ең бірінші мәселе кадр болды. Ғарыш агенттігі арнайы бағдарлама әзірледі. 70 қазақстандық инженер  шетелге білім алуға жіберілді. Олар екі жыл ішінде Ұлыбритания, Франция кәсіпорындарында оқытылды. Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы  бойынша ғарыш саласында 50 маман оқытылуда. Осыған дейін 70 инженер оқытылған болатын. ҚР-да заманауи технология бойынша білім алған 150 ғарыш техникасының инженері жұмыс істейді», - деді Ә.Исекешев. 

Барлық жаңалықтар