• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта Қазақстанның Төрелік палатасын құру болжамымен заң жоба қабылданды

Сенатта Қазақстанның Төрелік палатасын құру болжамымен заң жоба қабылданды

10 Наурыз, 2016 13:02
ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында «Төрелік туралы» заңның жобасы қабылданды, сонынмен қатар екі оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

«Заң жобасын әзірлеу екі арнайы заңдарды нығайтуда аралық және төрелік сот қызметінде құқықтық реттеудің бірыңғай тәсілдерін  қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Осыған байланысты «Аралық соттар туралы» және «Халықаралық төрелік туралы» заңдары жойылады.  Заң жобасы 1985 жылғы «Халықаралық төрелік туралы» ЮНСИТРАЛ типтік заңына сәйкес төрелік қызмет саласындағы заңнама ережелерін тарту қарастырылған»,-деп ҚР әділет министрі Берік Имашев айтып өтті.  

«Осылайша, ведомстволық бағыныстылық төрелікке жеке және заңды тұлғалардың арасындағы барлық жеке-құқықтық даулар жатады. Ол жерде кәмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын даулар, оңалту және банкроттық; табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылар арасындағы;  мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жатады»,-деп ведомствода айтты.

Сонымен қатар заң жобасында төрелік қызметті реттеу үшін келесі жаңа тәсілдер қарастырылған.

«Төрелік келісімнің автономия принципі бекітілген; құпиялық негіздер ұзартылды; төрелік мемлекеттік органдардың қалыптасуына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне  тыйым салынды, тауарлар мен қызметтер нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектілеріне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға, біліктілікті арттырудың талаптары; төрелік талқылауда диспозитивті үрдіс сұрақтарын уақытын қарастыру; төрешілік сотты жою үшін заңдылық негіздерді шығару»,-деді министр.

Б.Имашевтің айтуынша, заң жобасына ең маңызды енгізілген жаңалықтың бірі Қазақстанда Төрелік палатаны құру және оның жұмыс істеуі болып табылады.

«Аталмыш палата төрелікті іске асыру, ынталандыру мен құруда қолайлы жағдай жасай алады. Ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілетуде көмектеседі»,-деді ол.

Айта кетейік, бұл заң жобасы Республиканың  кейбір заңнамалық актілеріне стандартты теңестіру үшін арналған. Заң жобасымен 6 кодекс пен 17 заңңа түзету мен толықтырулар енгізіледі.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар