- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін жетілдіреді
Қазақстанда мемлекеттік қызметті көрсету жүйесін жетілдіреді
Сенаторларға аталған заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Марат Құсайынов заң жобасы ел Үкіметінің 2015 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары аясында әзірленгендігін айтты.
«Құжаттың мақсаты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру, атап айтқанда, ұғымдық ақпаратты жетілдіру, заңнама деңгейінде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың негіздерін біріздендіру, елімізде көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада бар сәйкессіздіктерді жою болып табылады», - деді ол.
Конституцияға сәйкес, адамның және азаматтардың құқы мен бостандығы тек заң арқылы ғана шектеледі. Соның өзінде де бұл шектеулер конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа адамдардың құқы мен бостандығын, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында заңдық негізде ғана қарастырылады.
Айта кетейік, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың біріздендірілген негіздері бекітіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, заң жобасы шеңберінде жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін реттейтін салалық заңнамалық актілерге бірқатар түзету енгізу көзделіп отыр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды