Мәжiлiс сайлауының қорытындысы 27 наурыздан кешiктiрілмей шығарылады

10 Наурыз, 2016 12:23
Мәжiлiс сайлауының қорытындысы 27 наурыздан кешiктiрілмей шығарылады, деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова ОСК-да өткен брифингте.

“Сайлау бюллетеніне Мәжіліс депутаттығына тіркелген 9 кандидаттың барлығы енгізіледі. Дауыс беруе арналған сайлау бюллетені Ассамблея мүшесіне сайлаушылар тізімінің негізінде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда беріледі. Әр сайлаушы жеке өзі дауыс береді”, - деді Т.Охлопкова.

Дауыс беру және дауыстарды санау аяқталғаннан кейін қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасап, қол қояды.

“Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан жоғары дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.Сессия қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жария еткеннен соң жабылады”, - деді ол.

Қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы Ортсайлаукомға сайлау өткен күннен екі күндік мерзімнен, 22 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

Сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркеуді Ортсайлауком жүзеге асырады.

Мәжіліс депутаттарын сайлаудың жалпы Республика бойынша қорытындыларын Ортсайлауком 2016 жылғы 27 наурыздан кешіктірмей анықтайды, ал сайлау қорытындылары туралы хабар БАҚ-та 30 наурыздан кешіктірмей жарияланады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар