- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 153 рұқсат беру құжатын қысқарту жоспарлануда
Қазақстанда 153 рұқсат беру құжатын қысқарту жоспарлануда
Заң жобасы Президенттің рұқсат беру құжаттарының санын 50 пайызға қысқарту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, бизнеске әкімшілік қысымды азайту, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру болып отыр.
Заң жобасында қайталанатын және артық рұқсат беру құжаттарын жоюға, рұқсаттарды хабарлама тәртібіне ауыстыруға және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған өзгерістер енгізу көзделген.
«2014 жылы 481 рұқсаттан тұратын нақты тізбе бекітілген «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң қабылданды. Рұқсат беру жүйесіне жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша қауіпті қызмет түрлеріне берілген 52 рұқсат және ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінде регламенттелмеген, сәйкесінше қысқартылмайтын 45 рұқсат анықталған. Осыны ескере отырып, заң жобасымен 34 рұқсатты алып тастау, 14 рұқсатты хабарлама тәртібіне ауыстыру, оңтайландыру мақсатында 105 рұқсат беру құжатын алып тастау ескерілген», - деп баяндады ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Марат Құсайынов.
Барлығы 153 рұқсат беру құжатын немесе рұқсаттардың жалпы санының 39 пайызын қысқарту көзделген.
Заң жобасында қызметтің қауіпті түрлеріне берілетін рұқсаттар, сондай-ақ рұқсат беру тәртібін шығарып тастауға жатпайтын, Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің шеңберінде реттелетін рұқсаттар нақтыланған.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай