- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК сайлау кезінде қоғамдық пікірге сұрау алуды өткізу тәртібін жариялады
ҚР ОСК сайлау кезінде қоғамдық пікірге сұрау алуды өткізу тәртібін жариялады
“Сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 9-тармағына сәйкес сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау caлу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi”, - деді ОСК мүшесі Т.Охлопкова.
Оның айтуынша,БАҚ-та дауыс беру күні алдындағы бес күн ішінде, яғни 15 наурыздан бастап және дауыс беру күні 20 наурызда қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялауға жол берілмейді. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.
“Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруді өткізуге қатысты, ҚР ОСК мүшелері БАҚ өкілдерін Ассамблея Кеңесінің хатына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының Сессиясы өзінің жұмысын 21 наурыз күні сағ. 08:00-де бастайтыны туралы ақпараттандырды.
“Дауыс беруге арналған пункт Ассамблеяның сессиясы өтетін ғимаратта орналастырылады және Сессия жұмысының басталуынан бір сағат бұрын, яғни сағ. 07:00-де ашылады. Дауыс беруге арналған пунктта ол ашылған сәттен бастап дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін халықаралық және қазақстандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдары қатысуға құқылы”, - деді ол.
Сессияда Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруді өткізу тәртібін түсіндіргеннен кейін Ассамблея мүшелерін дауыс беруге арналған пунктке шақырады.
Сайлау бюллетеніне Мәжіліс депутаттығына тіркелген 9 кандидаттың барлығы енгізіледі. Дауыс беруе арналған сайлау бюллетені Ассамблея мүшесіне сайлаушылар тізімінің негізінде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда беріледі. Әр сайлаушы жеке өзі дауыс береді.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады