«А» корпусының әрбір қызметкерінің жыл бойы істеген жұмысы бағаланады

16 Қараша, 2013 08:49
«А» корпусының әрбір қызметкері өз қызметі бойынша жыл бойғы атқарған қызметі үшін баға алады, деп Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әрбір мемқызметкер өз қызметінің жылдық қорытындысы бойынша бағаланатын болады. Оның қорытындысы әрі қарай жұмыстың жүзеге асуына септігін тигізеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сондай-ақ, жұмыс беруші Ұлттық комиссияның рұқсатынсыз «А» корпусының қызметкерінің үстінен ешқандай шешім қабылдай алмайды.

Сонымен қатар, 3 жылдық қорытынды бойынша нашар көрсеткіштерге ие болған әкімшілік мемқызметкерлер аттестациядан өтеді. Аттестация қорытындысы бойынша, лауазымның сәйкестігіне байланысты шешім қабылданады.

 
 

Барлық жаңалықтар