- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат құқықтық акітлер туралы заң жобасын мақұлдады
Сенат құқықтық акітлер туралы заң жобасын мақұлдады
«Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Конституциялық Кеңестің 2013 жылғы нормативтік қаулысын іске асыруға бағытталған, оған сәйкес «құқықтық акті» деген термин өзінің мазмұны жағынан «нормативтік құқықтық акті» деген терминнен кеңірек, ал Конституцияның 83-бабының 1-тармағында пайдаланылатын «басқа құқықтық актілер» деген термин нормативтік сипаттағы сияқты, көрсетілген белгілері жоқ өзге де актілердің барлығын қамтитыны анықталған», - деп баяндады отырыста ҚР Әділет министрі Берік Имашев.
Жалпы алғанда, оның айтуынша, заң жобасы күші жойылатын «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның ережелеріне негізделген. Заң жобасында құқықтық актілер 2 топқа - нормативтік және нормативтік емес болып бөлінген.
«Нормативтік құқықтық актілер тобына қазіргі уақытта қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен олардың түрлерін жатқызу ұсынылады. Нормативтік емес құқықтық актілерге нормативтік құқықтық ресми түсіндіру актілерін, жеке қолданылатын құқықтық актілерді, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілерді жатқызу ұсынылады. Сондай-ақ негізгі заң жобасында заң шығару қызметін жоспарлаудың жаңа нысанын - Парламент шақырылымы кезеңіне арналған заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын енгізу көзделеді», - дейді Б.Имашев.
Бұдан басқа құқықтық мониторинг институтын жетілдіру ұсынылады. Сонымен қатар, бағдарламалық құжаттар және қолданыстағы тәжірибе негізінде белгіленген кейбір терминдер мен анықтамалар енгізілмек.
Ал ілеспе заң жобасы қолданыстағы заңдарды жаңа өзгерістерге сәйкес келтіруге бағытталған және 7 заңға («Прокуратура туралы», «Демпингке қарсы шаралар туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Әділет органдары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы») түзетулер енгізуді көздейді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері