• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордада заң бұзушылыққа жол берген кәмелетке толмаған балаларға арналған орталық ашу жоспарланған

Қызылордада заң бұзушылыққа жол берген кәмелетке толмаған балаларға арналған орталық ашу жоспарланған

10 Наурыз, 2016 10:43
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асқар Әбу Ұлыбританияның «Корам» балалар құқықтарын қорғау орталығының консультанты Аваз Рауфпен және «ЮНИСЕФ» ұйымының өкілі Ирина Мацкевичпен кездесті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар заң бұзушылыққа жол берген балаларға қатысты баламалы сот төрелігі бағдарламасы бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту шеңберінде кәмелетке толмаған балаға жеке-дара тәсілді қолдана отырып, бас бостандығынан айырмай-ақ оларды оңалту мен қоғамға қайта бейімдеу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар алғаш рет заң бұзушылыққа жол берген кәмелетке толмаған балаларға арналған Қызылордадағы жаңа пилоттық орталықтың орналасатын орнын талқылады. Орталақта балалармен арнайы оқытылған мамандар – әлеуметтік қызмет ұсынатын сарапшылар, психологтар мен өзге де қызметкерлер жұмыс істейтін болады. Кәмелетке толмаған жәбірленушілер мен куәгерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталушыларға арналған мамандандырылған бөлмелерді қарастыру жағы да сөз болды. Жәбірленушінің сотталушымен байланысын болдырмау, сондай-ақ кәмелетке толмаған жәбірленушіні психологиялық тұрғыдан қорғау мақсатында куәлік ету үшін қашықтықтан байланыс орнату қажеттігі айтылды.

Осы пилоттық жобаны ағымдағы жылғы қазан-желтоқсан айларында іске асыру жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар