- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері Шымкенттің Қаратау ауданы тұрғындарынан мүлікті заңдастыруға 160 өтініш келіп түсті
Жыл басынан бері Шымкенттің Қаратау ауданы тұрғындарынан мүлікті заңдастыруға 160 өтініш келіп түсті
Қаратау ауданының әкімі Ғ.Исмаиловтың мәліметінше, өткен жылы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға құны 5 млрд. 600 млн. теңгеден асатын 514 өтініш келіп түсіп, оның 391-не (4 млрд. 107 млн. теңге) мүлікті жария етуге шешім шығарылған. Заңдастырылған мүліктердің 95 пайызы тұрғын үйлер болса, қалғаны коммерциялық нысандар.
«Мүлікті заңдастыру аясында 2016 жылдың басынан бері құны 1 млрд. 215 млн. теңге болатын 162 өтініш түсті. Оның 161-і тұрғын үй болса, 1-уі коммерциялық нысан. Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құны 571 млн. теңгеден астам соманы құрайтын 87 өтінішті (тұрғын үйлер) жария етуге шешім шығарды. 27 өтініштің мүліктері заң аясында жария етуден бас тартылса, қалған 48 өтініш бүгінгі таңда аталған комиссияның қарауында», - деді аудан басшысы. Ал Әл-Фараби ауданына мүлікті жария ету аясында 2014-2016 жылдар аралығында құны 3 млрд. 497 млн. теңге болатын 179 өтініш түсіп, оның 107 (құны – 1 млрд. 250 млн. теңге) өтініші комиссия шешімімен жария етілген. Қазіргі таңда 17 өтініш комиссиямен қаралу үстінде дейді Б.Қалжанов.
Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енген «ҚР азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары