Қызылорда облысында БЖК -2020 аясында 100 орындық балабақша ашылды

10 Наурыз, 2016 10:09
«Бизнестің жол картасы- 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында зейнеткерлер өз кәсібін ашуға мүмкіндік алып отыр, деп хабарлады «Даму» қоры.

Қантай Қожантаева өз кәсібін зейнетке шыққаннан кейін бастаған. 20 жыл бойы балабақша меңгерушісі болып зейнетке шыққан ол мемлекет қолдауының арқасында жеке балабақша ашты. Зейнет жасы бизнес бастауға кедергі емес,-дейді Қантай Қожантаева.

«Зейнетке шығысымен өз балабақшамды ашуды қолға алдым, өйткені менде дайын бизнес-идея бар еді. Мектепке дейінгі оқыту саласында көп жылдық тәжірибем болғандықтан, «Құлыншақ» атты жеке балабақшамды ашуға қажет қаржыны алу үшін банктен несие рәсімдедім. Бүгінде мемлекет 14%-бен алынған несиемнің 7%-ын өтеп отыр. 22 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыдым. Мемлекеттің қолдауы нәтижесінде мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысудамын»,-дейді зейнеткер.

Бүгінгі таңда «Құлыншақ» балабақшасына 100-ге тарта бала келеді. Орталық кең ойын бөлмелері мен вокал сабақтары, би үйрететін зал, сурет салу бөлмелерімен жабдықталған. Тәжірибелі педагогтар заманауи оқыту бағдарламалары бойынша сабақ жүргізеді және бұл бағытта балалардың жеке дара қабілеттерін ашу мақсаттында жұмыс жасайды.

Тағы бір зейнет жасында кәсіппен айналысуды қолға алған 69-жастағы Үржан Жетпісбаеваның Арал ауданында кеңсе заттары мен құрылыс материалдарын сататын өз дүкені бар. Кәсіпкерлігін кеңейту мақсатында Даму Қорының қолдауымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14% үстемемен несие рәсімдеді. Нәтижесінде бұл пайыздың тек 4%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал қалған 10%-ын мемлекет қайтарымсыз қолдау негізінде субсидиялайды. Сонымен қатар, ЕДБ арқылы несие рәсімдеген жеке кәсіпкерге Даму Қоры тарапынан 50% кепілдендіру берілді.

 

 

Барлық жаңалықтар