- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік Ел» пойызының дәрігерлері Атырау облысының Мақат ауылындағы 400-ден астам тұрғынға дәрігерлік кеңес берді
«Мәңгілік Ел» пойызының дәрігерлері Атырау облысының Мақат ауылындағы 400-ден астам тұрғынға дәрігерлік кеңес берді
«Мәңгілік Ел» пойызын мақаттықтар жаңбырдың жауып тұрғанына қарамастан зор қуанышпен, мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Жолаушыларды қазақтың салт-дәстүрі бойынша шұбаттары мен бауырсақтарын алып шығып дәммен қарсы алды.
«Мәңгілік ел» пойызы акциясына қатысушылар тұрғындардың кереметтей қонақжайлылықпен қарсы алып, белсенді жұмыс істеулеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.
Пойыздағы дәрігер мамандар 400-ден астам ауыл тұрғындары мен жақын маңайдағы елді мекен тұрғындарын тексеруден өтікізіп, кеңестер берді. Негізгі салмақ педиаторларға түсті. Аудандық ауруханаға жоғары дәрежелі мамандарға балаларын тегін қаратып алуға келген ата-аналар көптеп келді.
ҚР Әділет министрлігі мен денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері халыққа қызмет көрсету орталық мамандарымен бірлесіп, өңірдегі әлеуметтік маңызды мәселелер жөнінде кеңес берді.
«Бізге бұрынғы күйеулерінен алимент өндіріп ала алмай жүрген әйелдер көп келеді. Біз оларға төлем жасалмауының негізгі себептерінің ара-жігін ажыратып, бірлесе оң шешімін қарастырамыз. Ондай мәселемен кімдердің айналысатыны туралы, ол құжатқа қалай қол жеткізу керектігі жөнінде кеңес береміз. Әйелдердің қиналып қалмауын ескеріп, әрбір осындай мәселелердің оң шешілуін үнемі бақылауда ұстаймыз»,- деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің бас сарапшысы Азамат Ибраев.
«Мәңгілік Ел» пойызындағы мамандардың кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, медициналық көмек пен түрлі кедергілерге тап болған кәсіпкерлерге қол ұшын беріп келе жатқанын айта кетуіміз керек. Мақат ауылы акция барысында пойыздағы мамандар дәл осындай көмек көрсетіп келе жатқан 24-ші аялдама бекеті.
Әлеуметтік пойыздың тоқтайтын келесі бекеті Ақтөбе облысының Шалқар қаласы болмақ.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда