«Даму» қоры – Қазақстанда ШОБ-ті дамытудың құралы

9 Наурыз, 2016 18:37
2050 жылға қарай Қазақстандағы шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайызға жетуі керек. Бұл мақсатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың қаңтарында өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс екінші съезінде айтқан болатын.

«Отандық нарық экономикасын дамытатын кәсіпкерлікті дамыту негізі Қазақстанның стратегиялық басымдығы. 2050 жылға қарай Қазақстандағы шағын және орта бизнестің үлесі  50 пайызға жетуі керек.Бұл мақсатқа мемлекет пен бизнестің бірігуі негізінде қол жеткізуге болатындығы белгілі», - деді Н.Назарбаев.

Осы орайдағы, қордың миссиясы Қазақстандағы қаржы құралдарының кең спектрі мен біліктілікті дамыту бойынша бағдарламалардан тұратын кешенді қолдау көрсету арқылы Қазақстанның ШОБ сапалы дамытуға себін тигізу болып табылады.Стратегияның негізгі идеясы Қорды шағын және орта бизнеске қолдау көрсету және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын тиімді ұлттық институт ретінде қайта құру болып табылады.

«Даму» Қорының стратегиясы келесі дамыту бағыттарын іске асыруды көздейді: (1) ШОБ субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету; (2) ШОБ субъектілерінің біліктілігін дамыту.Қордың тиімді ұлттық институтты құру бойынша бірінші кезектегі міндеттері шегінде қызметтің қаржылық және операциялық нәтижелерінің залалсыз деңгейін қамтамасыз ету, қаржы ресурстарымен басқару тиімділігін арттыру, қызметтің айқындылығын және халықтың сенім деңгейін арттыру күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының 2016-шы жылғы шағын және орта бизнес жобаларын қолдау мақсатында кепілдендірілген 2 млрд. теңге бөлінді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 50,2 млрд. теңге болатын 471 жобаны субсидиялау туралы келісімге қол қойылған болатын. «Даму» Қорының 98 жоба бойынша кепілдендірілген несиелік портфелі 3,3 млрд. теңгені құрады.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша шағын және орта бизнеске қолдау білдіру мақсатында 2015 жылы ауылдық жерлерге 734 млн. теңге болатын 32 жобаға қол қойылды. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша экономиканың басым секторларына және өңдеу өнеркәсіптеріне жалпы несиелік портфельден 1903 млн. теңгенің 43 жобасы қаржыландырылды. Жалпы 2015 жылы кәсіпкерлерге берілген субсидия 1 200 млн. теңгені құрады.

«Субсидияланған жобада көлік және қойма, өндіріс өнеркәсіптері, ауылдық, орман және балық шаруашылықтары мен денсаулық секторындағы бірқатар жобалар бар»,-делінген хабарламада. 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында зейнеткерлер өз кәсібін ашуға мүмкіндік алып отыр. Белсенді түрде қызмет етуге үйренген азаматтар зейнетке шыққан соң алтын уақытын зая кетірмес үшін қосымша табыс табуды ойластыруы заңды да. Әрине, бұл орайда ең тиімді шешім - өз бизнесіңді ашу. Өзіңе-өзің қожа болу, жаңа жұмыс орнын ашу және тұрақты табыс көзі екені анық. Бұл мақсатта зейнеткерлер алғашқы капиталды мемлекеттік қолдау аясында таба алады.

Қантай Қожантаева өз кәсібін зейнетке шыққаннан кейін бастаған. 20 жыл бойы балабақша меңгерушісі болып зейнетке шыққан ол мемлекет қолдауының арқасында жеке балабақша ашты. Зейнет жасы бизнес бастауға кедергі емес,-дейді Қантай Қожантаева.

«Зейнетке шығысымен өз балабақшамды ашуды қолға алдым, өйткені менде дайын бизнес-идея бар еді. Мектепке дейінгі оқыту саласында көп жылдық тәжірибем болғандықтан, «Құлыншақ» атты жеке балабақшамды ашуға қажет қаржыны алу үшін банктен несие рәсімдедім. Бүгінде мемлекет 14%-бен алынған несиемнің 7%-ын өтеп отыр. 22 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыдым. Мемлекеттің қолдауы нәтижесінде мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысудамын,-дейді зейнеткер.

Бүгінгі таңда «Құлыншақ» балабақшасына 100-ге тарта бала келеді. Орталық кең ойын бөлмелері мен вокал сабақтары, би үйрететін зал, сурет салу бөлмелерімен жабдықталған. Тәжірибелі педагогтар заманауи оқыту бағдарламалары бойынша сабақ жүргізеді және бұл бағытта балалардың жеке дара қабілеттерін ашу мақсаттында жұмыс жасайды.

Тағы бір зейнет жасында кәсіппен айналысуды қолға алған 69-жастағы Үржан Жетпісбаеваның Арал ауданында кеңсе заттары мен құрылыс материалдарын сататын өз дүкені бар. Кәсіпкерлігін кеңейту мақсатында Даму Қорының қолдауымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 14% үстемемен несие рәсімдеді. Нәтижесінде бұл пайыздың тек 4%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал қалған 10%-ын мемлекет қайтарымсыз қолдау негізінде субсидиялайды. Сонымен қатар, ЕДБ арқылы несие рәсімдеген жеке кәсіпкерге Даму Қоры тарапынан 50% кепілдендіру берілді.

Сергей Мартынюк – үшінші топ мүгедегі, 1974  жылы Қарағанды қаласында туып, сонда өскен. Бірнеше жыл бұрын ол әпкесімен Бұқар жырау ауданы, Тұзды ауылына көшіп келген және үй құстарын өсіруді қолға алған.

«Шаруашылықты әпкем екеуіміз жүргізудеміз. Ауылға көшіп келісімен жұмыртқа көп беретін бройлер тауықтарын, балапандар алдық әрі өз өнімімізді пайдалана бастадық. Бастапқыда бәрі өзіміз үшін болған. Кейін өзімізден артыла бастағанда достарымыз бен таныстарымызға сыйладық, нәтижесінде адамдар тапсырыс берсек қайтеді деген сұрақпен келе бастады. Осы кезде өз өнімімізді сату жайлы ойлана бастадық. Тәжірибемізден ұққанымыз үйрек және тауық балапандарын нарыққа шығару өте тәуекелді іс. Көбінде сатып алынған құстардың алғашқы легі өнімді келеді, ал олардың ұрпағы алғашқысынан ерекшеленеді. Сондықтан балапандарды өзің алған тиімді, бізге инкубатор қажет болды – арнайы жабдықталған жәшік, одан балапандарды басып шығаруға болады», – дейді кәсіпкер.

Ол кезде  Сергей «Даму» Қорына жүгініп, «Даму-Көмек» бағдарламасы арқылы электрлі инкубаторды демеушілік көмекпен алған.

« Әрине бұл әдістің өз қатерлері көп. Инкубатордағы температура мен  ауа ылғалдылығын бір қалыпты ұстап тұру дегендей. Техника қандай мықты дегенімен де ол істен шығуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей мұндай жағдайда жұмыртқа не қатып, не қызып кетеді», –дейді ол.

Кәсіпкер сонымен қатар, бұл істің әурешілігі мен қоса қомақты қаражат салуды да талап ететінін айтады.

«Қазіргі күні біз құстардың жемін қалай үнемдесек деп ойлап жүрміз. Жылдың жылы мезгілінде оны жасау оңай, құстар жерден азығын тауып жей береді. Оған қоса ботқа, көкөніс қалдықтарын да жақсы жейді. Бастысы балапандарды жақсы жемдеп, қарай білу»,  – дейді Сергей.

Кәсіпкер алдағы уақытта өз бизнесін дамыта түспек.

«Жазда сатумен белсене айналысамыз. Біз жұмыртқа мен әтештерді сатпақпыз, ал тауықты өзімізге қалдырамыз. Ауылда бәсекелестер жоқ, сондықтан бізде бәрі оңала түсуі керек. Бастысы ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы баға қою қажет, яғни біздің өнім базардағыдан арзан болуы керек, – дейді кәсіпкер.

Андрей Соловьенко – табысты кәсіпкер, Лисаковский Монетный Двор ЖК қожайыны. Екінші топтық мүгедектігі оған кәдесыйлық тиындардан бизнес жасауына еш кедергісін келтірмеді. 2015 жылдың сәуір айында ол «Даму» Қорының қолдауына жүгініп, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында грант ұтып алды. Андрейдің қолдан жасалған тиындары  – сәттілікті шақыруға, махаббатын білдіруге, мейраммен құттықтауға және бизнесті жарнамалауға көмектесуде. Біздің бизнес-порталға Андрей өзінің тиын сарайы жайлы айтып берді.

Андрей, өз ісіңізді ашуға не түрткі болды және барлығы қалай басталды?

« Мен радиода жұмыс істеп жүргем, бір жылдан кейін жұмыстан шығарып жіберді, міне осы жағдай мені өз ісіммен айналысуға итермеледі. Жаңа жұмыс орнын іздеуге менің мүгедектігім кедергісін келтірді, ешкім мені кандидат ретінде қарағысы келмеді. Өз ісімді ашу жайлы мен бұрыннан ойлап жүргем, дегенімен қашанда бір үрей бар еді. Жұмысымнан айырылған соң ол үрей басылды, орнына қаражаттың жетіспеушілігі келді», - деді ол.

«Шынымды айтсам бұл іспен айналысам деген кез есімде жоқ. Бұл осыдан екі жыл бұрын болған еді, идея аяқасты келді, яғни бизнестің нұсқаларын интернеттен қарап отырғанда. Бірінші кезекте мен шығындарды есептедім, өзін ақтауын және «Даму» Қорының «Бизнес кеңесші» екікүндік оқу курсына қатыстым», - ол. 

« Мен өз идея және есебіммег «Даму» Қорына келдім, онда маған бизнес жоспар жасауға көмектесті. Кейін ЖК тіркедім, қажетті жабдықты сатып алдым содан кейін  Лисаковский Монетный Двор ЖК өз жұмысын бастады.Біз қолдан жасалған тиындарды шығарамыз, мөлшері 25 мм және одан сәл үлкендеу 32,6 мм. Бізде кез келген мерекелік оқиғаға арналған тиындар бар, сонымен қатар тиындарды тапсырыс бойынша да жасаймыз, портрет, жазуымен және бизнес үшін де. Оған қоса бізде тойға не мерекеге бару сияқты қызықты қызмет түрі бар. Бұл WOW-эффектілі аттракцион. Біз әрдайым өз өніміміздің жиегін кеңейтудеміз, бизнес күн сайын дамуда. Адамдар көптеп бізді біле түсуде, тиындарымызды сатып алуда», - деді ол.

Дағдарыс жағдайында қазақстан бизнесі мемлекеттің теңдесі жоқ қаржылай қолдауына ие болуда. Тек «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ғана 80 млрд теңгеден астам қаражат ШОБ-тың 4,5 мың жобасын несиелеу бойынша пайыз мөлшерлемесін субсидиялау үшін бағытталды. Оған қоса ҚР Ұлттық қорынан бөлінген 100 млрд теңге көлеміндегі траншы да бар, бұл қаражат жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қарыздарын қайта қаржыландыруға және жаңа өндірістерді ашуға бағытталды. Мемлекеттің кәсіпкерлікті дамытуға салған ауқымды инвестициялары, ҚР Елбасының «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылып кеткендей, сыртқы нарықтардағы жағымсыз беталыстарды еңсеріп қана қоймай, ол ең әуелі, елдегі ауқымды бизнестің ары қарайда сенімді түрде дамуы үшін түрткі беруге көмектеседі.

Бизнестің «БЖК-2020» бағдарламасына қатысу белсенділігінің өсуін мемлекеттің қолдау құралдарының тиімділігі мен өзектілік деңгейі көрсетіп тұр. Ағымдағы жылы бағдарламаның бюджеті, «Даму» Қорының деректері бойынша, 30%-ға яғни, 35 млрд теңгеге дейін арттырылды, қатысушылар саны 78 мың ШОБ субъектілеріне дейін жетті, экономиканың басымды салаларындағы банк несиелерінің 13,6% БЖК-на қатысушыларына келеді.

Мемлекеттік бағдарламадағы ең көп таралған бағыттың бірі – бұл несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау болып қалуда: үстіміздегі жылдың қараша айының басында несие портфелінің жалпы сомасы 1 трлн теңгені құраған 4 464 шартқа қол қойылды, тікелей субсидия түрінде 80,3 млрд теңге төленді. Сонымен бірге, бизнесте қарыздарды кепілдеу бойынша қызметіне сұраныс жоғары болып келеді: сомасы 33,9 млрд теңгені құрайтын 572 шартқа қол қойылды, кепілдіктердің ақшалай мөлшері 14,8 млрд теңгені құрады. Салалық бөліністе ШОБ-ке қаржылай қолдау көрсетудің 39% өңдеуші өнеркәсібіне, көлік және қоймалау саласына 29%, денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға 6%, ауыл шаруашылығына 6% және басқа салаларға 20%-дан келеді. 

Бұл кезде, «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Қаныш Төлеушиннің айтуынша, қолдаудың экономикалық, әлеуметтік және бюджеттік тиімділікте көрінетін қайтарымы бар. Осылайша, 2013 жылдың ішінде бағдарламаға қатысушылар 77,6 млрд теңге салық төлемдерін қамтамасыз етті, бағдарламаға қатысушылардың өнімдерін шығару жылына 852 млрд теңге деңгейінде бағаланады.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасына енгізілген соңғы түзетулер бенефициарлардың өздерінде туындаған қажеттіліктерді ескере отырып, кәсіпкерлікке әрекеттесу құралдарының жиынын кеңейтуге қолжеткізді. Ендігі кезде несие мөлшерлемелерін субсидиялау тетігіне және қарыздарды кепілдеуге, айналым капиталына берілетін несиелердің арзандауы, жаңа өндірістерді ашуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеу және шағын несиелеу сияқты қажетті шаралары қосылды.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнеске сервистік қолдау көрсету департаментінің директоры Нұрлан Мұқалиевтің пікірінше, мәселе бұл жерде мынада, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін адамдардың бастапқы капиталы не болмаса, кепілдігі жоқ. Екінші деңгейлі банктер ауылдық елді мекендерге, шағын қалалар мен моноқалаларға онша барғысы келмейді, себебі, мұнда кепілдікке берілетін мүліктің өтімділігі өте төмен.

БЖК аясында мемлекеттің қолдау көрсету шаралары бастапқы капиталды, банк кепілдемелерін, консалтинг қызметтерін өте қажетсінетін шағын бизнес субъектілері тарапына қарай толығымен дерлік өріс алуда.

Айта кететіні, осы бөліністегі қарыздарды кепілдеу құралдары, сарапшылардың пікірінше, несиелеу бойынша субсидиялауға қарағанда, одан да жоғары сұранысқа ие болуы мүмкін. Себебі, жақсы кепілдік жобаға деген сенімділік деңгейін қалыптастырады, ол тәуекелділіктерді төмендетіп, пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне ықпал етуге қабілетті. Коммерциялық банктердің бизнеспен жасалатын қарым-қатынастарында кепілдік саясаттарын қалай орнататыны тағы бір мәселелі жағдай болып табылады.

 «Даму» қоры бастығының пікірінше, кепілдемемен қамтамасыз ету банктердің тәуекелдерін жабуға қабілетті болған жағдайдың өзінде, бұл дұрыс тәсіл болып табылмайды, өйткені мүлік нарықтағы әртүрлі өзгерулерге ұшырауы мүмкін. Кәсіпкерлікті несиелеудің әлемдік тәжірибесінде, бизнес-жобаның өзін, оның табыстылығын, даму әлеуетін бағалау бірінші орынға шығады. Көптеген кәсіпкерлер мен банкирлерді ШОБ-мен серіктестік жасауына әлдебір психологиялық кедергі тежеуде, сондықтан, мемлекеттік даму институттарының міндеті - коммерциялық ортаға қарыздарды кепілдеу құралдарын одан да тереңірек ендіру. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар