- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің старшиналары өздерінің техникалық даярлықтарын жетілдірді (ФОТО)
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің старшиналары өздерінің техникалық даярлықтарын жетілдірді (ФОТО)
Дайындықтың негізгі мақсаты оларға бағынысты жеке құраммен жауынгерлік даярлықтың толыққанды ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін старшиналық (сержанттар) құрамының әдістемелік және жауынгерлік дағдысының қажет етілетін деңгейіне қол жеткізу болды.
Старшиналар мен сержанттарды даярлаудың басты міндеті лауазымдық арналуына сәйкес бөлімдер мен бөлімшелерде сәтті практикалық қызмет үшін жеткілікті көлемде олардың әскери, техникалық және арнайы білімді игеруі болып табылады.
Оқыту кезінде старшиналармен рөлдік сабақтар өткізілді. Онда үйренушілер командирлердің немесе бағыныстылардың рөлінде күнделікті тыныс-тіршіліктегі кейбір сәттерді, мәселен, бағыныстылар арасындағы жанжалдық ахуалдар туындаған кездегі бөлімше командирінің іс-қимылдарын көрсетеді. Оқытушы жасаған ахуалға душар бола отырып, бөлімше командирі өздігінен тиісті шешім қабылдайды. Одан кейін оған түсіндірме береді.
Үйренушілермен командирлік даярлық аяқталысымен негізгі оқыту пәндері бойынша сынақ өткізіледі. Сынақ пән бойынша сабақтар өткізген оқытушылармен қабылданды.
ӘТК-нің старшиналары үшін ең қызықтысы техникалық даярлық болды. Старшиналар мен сержанттар Т-72-нің жалпы тактика-техникалық сипаттамалары мен құрылысын, топография және т.б. зерделеді.
«Өткен жылдарда старшиналар жауынгерлік корабльдерді, яғни, шағын кемелерді, тартқыштарды, жабдықтау корабльдерінің тізгінін ұстаған. 70-інші жылдары атомдық суасты қайықтары жауынгерлік бөлім командаларының старшиналары болды. Мұндай іс-шаралар күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамды басқару мәселелерінде старшиналар құрамының білімі мен машығын анағұрлым арттырады және ең маңыздысы, әрбір старшина немесе сержант әскери істің кәсіпқойы болуы тиіс», - деп ҚР ҚК ӘТК-нің старшинасы штаб-старшина Айдәулет Ұрдабаев атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Президент тапсырмасы: Техникалық және кәсіби білім беру мен оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды