• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ: Т/ж вокзалдарында жолаушылар пойыздарын жүргізіп келе жатқан машинистің аты-жөнінін хабарлайтын болады

ҚТЖ: Т/ж вокзалдарында жолаушылар пойыздарын жүргізіп келе жатқан машинистің аты-жөнінін хабарлайтын болады

9 Наурыз, 2016 19:13
Наурыздың 10-ынан бастап, ірі қалалардағы вокзалдар мен сыныптан тыс станциялар мен бірінші сыныпты станцияларда жолаушылар пойыздарын жүргізіп келе жатқан машинистің аты-жөнін, фамлиясын хабарлап отырады, деп «ҚТЖ»ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі кезде Қазақстанның темір жол саласында локомотив бригадаларында 16 мың адам еңбек етеді.

Машинист мамандығы темір жол көлігіндегі аса маңызды әрі жауапты қызметтің бірінен саналады. Қызмет түрі машинистен өте жоғары талапшылдықты, біліктілікті, қиын кезде шешім қабылдау шеберлігін яғни, жолаушыларды және жүктерді межелі жерге қауіпсіз аман -есен жеткізу міндеті жүктеледі.

Білікті машинист атану үшін жылдар кетеді. Алдымен машинистің көмекшісі болып еңбек етіп барып, өзін барынша жауапкершілігі жоғары талапшыл етіп көрсете білгендер ғана сынақтан өтеді. Локомотивті жүргізу үшін нұсқаушы машинист пен тәлімгердің басшылығымен тәжірибеден өтеді. Үшінші сыныпты машинист құқығы берілген соң ғана жүк пойызын жүргізуге рұқсат алады. Жолаушылар пойыздарын өте білікті, тәжірибелі  бірінші және екінші сыныпты шеберлер ғана жүргізе алады.

2016 жыл «Локомотив» АҚ-ында Машинист жылы болып белгіленді.

 

Барлық жаңалықтар