• Басты
  • «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» - жаңа ғасыр бастамасының негізгі автожол жобасы
9 Наурыз, 2016 17:48

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» - жаңа ғасыр бастамасының негізгі автожол жобасы

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»- солтүстік Еуропадан Батыс қытайға бара жатқан автомагистральдің құрылысы. Strategy2050.kz АА ойы бойынша, аталмыш магистраль Еуропа мен Азия арасындағы көліктік қатынасты жақсарту керек., сонымен қатар ҚХР-дан айтарлықтай тауарлардың импортын жеңілдету тиіс.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» - жаңа ғасыр бастамасының негізгі автожол жобасы | Strategy2050.kz

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін жүзеге асыру 2009 жылы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша басталған болатын.   Жоба бойынша жалпы жолдың 2 452 км-рі қайта салынады, оның 1390 км-рі I техникалық санатты 4 жолақты қозғалысқа арналған (Қытайдың шекарасындағы Қорғастан Қызылорда қаласына дейін) және 1062 км-рі II тех. санатта болады (Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының Мәртөк кентіне дейін). Дәліздің жалпы ұзақтық бойындағы 1079 км-рі  (Қорғастан Түркістанға дейін) цемент-бетон жамылғымен салынады.  2009 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясының шекарасынан Шымкент қаласына дейін, оның ішінде   бұл жол Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтетін жалпы ұзақтығы 1884 км жол бойында қозғалыс ашылған болатын.   

ҚР Премьер-Мнистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім еткендей, ҚХР мен ЕО 8 пайыздық арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі арқылы өтеді.

«ЕАЭО мен ШЫҰ құрамына кіретін мемлекеттердің географиялық жағдайы континенттің орталық бөлікте орналасқан, яғни халықаралық сауда желілерінің негізгі торабы. ЕАЭО және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экономикаларының жиынтық көлемі бүгінде 13 трлн. АҚШ долларына жетіп отыр немесе жалпы әлемдік ЖІӨ көлемінің 16 пайызын құрады.осы өңір халқының саны 1,5 млрд. адамнан асып отырғандығын, бұл өз кезегінде шамамен Жердегі адам санының төрттен бір бөлігін құрайды», - деді Б.Сағынтаев.

Оның айтуынша, ЕАЭО мен ШЫҰ ынтымақтастығы аясында «Жібек жолының экономикалық белдеуі»  жобасы сәтті жүзеге асты.

«Осы кеңістікте нарықтардың ауқымды көлемдері ЕАЭО және ШЫҰ елдерінің кең экономикалық ынтымақтастығын дамыту қажеттігін айқындап отыр. ҚХР мен ЕО 8 пайыздық  арасындағы тауар айналымы 2020 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  дәлізі арқылы өтеді», - деді Б.Сағынтаев.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылдың аяғына қарай толықтай жұмыс жасайтын болады.

Бұл шешім ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы №81 қаулысымен бекітілген болатын. Бұл масштабты нысанның  тапсырылуындағы кешігу қаржыландыру көзіне байланысты. осыған байланысты алдымен Есеп комитетінің отырысында, кейінде бірқатар БАҚ-нда жобаның жүзеге асырылуы қыл үстінде және құрылыс белгіленген мерзімдерде аяқталмайды деген мәлімдемелер жасалды.

«Бастапқыда жобаны жүзеге асыру қаржыландырудың алуан көздерін, атап айтқанда концессия, инвестицияларды және т.б. қарастыру негізінде жоспарланған болатын. Реализация реконструкции участков транспортного коридора Көзік дәлізінің «Алматы-Қорғас», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерін жүзеге асыру   концессиялық негізде жасалмақ болып жоспарланған еді, алайда, ықтимал концессионердің болмауынан 2013 жылы ҚР Үкіметі қаржыландыру көздерін өзгертіп, халықаралық қаржы институттарын тарту жөнінде шешім қабылданды. Осы себептермен жобаны аяқтау мерзімі 2016 жылға ауыстырылды», - делінген хабарламада.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін жүзеге асырудың әзірленген  техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) сәйкес Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының (ҮАААЖ) құрылысын аяқтаған соң оны аталмыш дәлізбен қосу көзделген (учаскенің ұзақтығы 32 км).

«Бүгінде ҮАААЖ бойынша консцессионерді анықтау жөніндегі конкурстық ресімдер жүргізілуде, ал құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланған», - теп түсіндірілген.

ҮАААЖ-ға шығатын учаске негізгі дәлізге қарамайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі мен Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының қосылуы ретінде пайдаланылатын болады

ҮАААЖ-ға шығу құрылысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің толыққанды пайдалана берілуіне ешқандай кедергісі болмайды.

Жобаны жүзеге асыру барысында, күтілетін жүк тамалын ескере отырып, жаңа «Нұр Жолы» өтпе пунктін салу жөнінде шешім қабылданды. ҚР Заңнамасына сәйкес оны салу мен оған инвестиция тарту кеден органдарының құзіретіне қарайды. «Аталған құзіреттер ҚР Инвестициялар және даму  министрлігінде болған жоқ. Инвестициялардың болмауы себебінен және құрылыс үдерісінің басталуының кешігуіне байланысты 2015 жылы ҚР ИДМ-нің бастамасымен ҚР қолданыстағы Заңнамасына Министрліктің өтпе пунктын салу және инвестициялар тарту жөніндегі құзіретін қамтамасыз ету жөніндегі өзгерістер енгізілді. Мұнымен қоса Министрлік өтпе пунктін салуға инвестор тарту жөнінде келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде инвестор болып «EurotransitTerminal» ЖШС белгіленді. Бүгінгі күнге құрылыс жүргізу үшін жер учаскелері инвесторға берілді, олар қазір жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үстінде», - деп ведомстводан хабарлады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық дәлізі, яғни Санкт-Петербург -Мәскеу – Нижний Новгород – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда -Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Үрімші – Ланьчжау -Чжэнчжау – Ляньюнган бағыты бойынша дәліздің жалпы ұзындығы – 8 445 шақырым. Оның 2 233 шақырымы Ресей аумағы арқылы өтсе, 2 787 шақырымы – Қазақстан, ал 3 425 шақырымы Қытай арқылы өтеді. Ал біздің елімізде осы бағытта 2452 шақырым жол қайта салынады. Жоба бойынша 1390 шақырым жолды 4 жолақты бірінші техникалық санатқа өткізу көзделсе, қалған 1062 шақырым екінші техникалық санатқа өткізіледі.

Дүниежүзілік банк «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасына 2 млрд. 150 млн. доллар жұмсайды. Аталған банк өз тарихында бір мемлекет аясында салынатын жол құрылысына мұншалықты қомақты қаржы бөлмегенін мәлімдеген.  

 «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы аясында Қазақстанның Көлік министрлігі Қытай Халық Республикасымен меморандум жасасқан, өйткені аталған жоба бойынша негізгі жүк тасымалы осы елдің еншісіне тиеді. Ресей тарапында да жолдың жүзеге асуы үшін сол елмен меморандум жасалды. Бұдан бөлек, еуропада штаб-пәтері орналасқан Халықаралық автотранспортшылар ұйымымен келісім жасалған.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізін жүзеге асыру үшін қаражат салған барлық банктер, атап айтқанда Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк, Ислам банкі, Азия банкі, сондай-ақ Жапон банкі жобаға үлкен қызығушылық танытқан болатын. Бұл жерде мемлекет басшысының беделін де айта кету керек. Сондай-ақ аталған банктер келіссөздің бірінші күні-ақ бізге қолдау жасады. Дағдарыс кезеңінде бұндай жобаға ауқымды қаражат бөлу, сирек кездесетін құбылыс.

Дүниежүзілік банк өз тарихында бір мемлекет аясында салынатын жол құрылысына мұншалықты қомақты қаржы бөлмегенін, нақты айтқанда 2 млрд. 150 млн. доллар жұмсамағанын мәлімдеген.  Ал тағы бір беделді банк - Азия банкі де  жобаға үлкен сенім білдіріп, 760 млн. доллар бөліп отыр.   

«Облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6411,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдары 4330,3, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 2081,3 шақырымды құрайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 62,4% жетті», - деді Б.Атамқұлов.

 «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылы  толықтай жұмыс жасайтын болады. Бұл шешім ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы №81 қаулысымен бекітілген болатын. Бұл масштабты нысанның  тапсырылуындағы кешігу қаржыландыру көзіне байланысты. осыған байланысты алдымен Есеп комитетінің отырысында, кейінде бірқатар БАҚ-нда жобаның жүзеге асырылуы қыл үстінде және құрылыс белгіленген мерзімдерде аяқталмайды деген мәлімдемелер жасалды.

Бастапқыда жобаны жүзеге асыру қаржыландырудың алуан көздерін, атап айтқанда концессия, инвестицияларды және т.б. қарастыру негізінде жоспарланған болатын. Реализация реконструкции участков транспортного коридора Көзік дәлізінің «Алматы-Қорғас», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерін жүзеге асыру   концессиялық негізде жасалмақ болып жоспарланған еді, алайда, ықтимал концессионердің болмауынан 2013 жылы ҚР Үкіметі қаржыландыру көздерін өзгертіп, халықаралық қаржы институттарын тарту жөнінде шешім қабылданды. Осы себептермен жобаны аяқтау мерзімі 2016 жылға ауыстырылды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін жүзеге асырудың әзірленген  техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) сәйкес Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының (ҮАААЖ) құрылысын аяқтаған соң оны аталмыш дәлізбен қосу көзделген (учаскенің ұзақтығы 32 км).

Бүгінде ҮАААЖ бойынша консцессионерді анықтау жөніндегі конкурстық ресімдер жүргізілуде, ал құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланған.

ҮАААЖ-ға шығатын учаске негізгі дәлізге қарамайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі мен Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының қосылуы ретінде пайдаланылатын болады

ҮАААЖ-ға шығу құрылысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің толыққанды пайдалана берілуіне ешқандай кедергісі болмайды.

Жобаны жүзеге асыру барысында, күтілетін жүк тамалын ескере отырып, жаңа «Нұр Жолы» өтпе пунктін салу жөнінде шешім қабылданды. ҚР Заңнамасына сәйкес оны салу мен оған инвестиция тарту кеден органдарының құзіретіне қарайды. Аталған құзіреттер ҚР Инвестициялар және даму  министрлігінде болған жоқ. 

Индира Кауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды