Қазақстанда қала құрылысы сараптамасын жүргізу тәртібі бекітілді

9 Наурыз, 2016 17:32
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

2015 жылғы қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғандығын естеріңізге саламыз.

Осы Заңның шеңберінде қала құрылысы сараптамасын өткізу  процессі реттелді: Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілді;Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын және Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамағажәне қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы Қағида мақсаты:жобаларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу процессін реттеу;жобаларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу кезінде, сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру процессін реттеу;кешенді қала құрылысы сараптамалық қорытындыларын рәсімдеу тәртібін белгілеу болып табылады.

Қағидалармен барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларын қала құрылысы сараптамасынан өткізу процессі реттелді,   қала құрылысы сараптамасынан өткізуге жататын міндетті қала құрылысы жобалары, қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша, сараптама комиссиясын (сараптама топтары) құру тәртібі және сараптамалардың қорытындыларын рәсімдеу тәртібі анықталды.

 «Қазіргі таңда, Қағидалар қолданысқа енгізілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті  Қағидаларға сәйкес құрылған сараптама комиссияларымен қала құрылысы жобаларына қала құрылысы сараптамалары жүргізілді: Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының бас жоспары, Алматы агломерациясының аумағын дамыту өңіраралық схемасы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары сараптама комиссиясының қарауында.» - деді ҚР ҰЭМ  Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің сәулет, қала құрылысы және қала құрылыс кадастры басқарамасының басшысы Тәңірберген Дәркенбаев.

 

 

 

Барлық жаңалықтар