ҚР ОСК ҚХА-дан Мәжiлiс сайлауына 451 бюллетень дайындайды

9 Наурыз, 2016 15:47
ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚХА-дан Мәжiлiс сайлауына 451 бюллетень дайындайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов ОСК отырысында мәлiмдедi.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 12-шi және 37-баптарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға 451 сайлау бюллетені дайындалатынын белгіледі. Бұл тізімдерге енгізілген сайлаушылардың, яғни ҚХА мүшелерінің жалпы санының 1 пайызы резервiн қосқандағы көрсеткiш», - дедi Б.Мелдешов.

Сондай-ақ, хатшының мәлiметiнше, ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.

«Бюллетендер Астананың сайлау комиссиясына 2016 жылғы 19 наурыздан кешіктірілмей жеткізілуі тиіс», - дедi Б.Мелдешов.

 

Барлық жаңалықтар