ОСК ШЫҰ мен ТүркПА елдері атынан бақылаушыларды аккредиттеді

9 Наурыз, 2016 15:32
Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 37 байқаушыны аккредиттеді.

“Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 37 байқаушыны аккредиттеді. Осы қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі екі Миссиядан, бір халықаралық ұйымнан және бір шет мемлекеттен тағы 37 байқаушыны аккредиттеді.Олардың ішінде: ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан 19 байқаушы, 8 – ШЫҰ Миссиясынан, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан – 7 және Украинадан 3 байқаушы”, - деді ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев.

Осылайша, 2016 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком үш халықаралық ұйымның Миссияларынан (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД және ШЫҰ), екі халықаралық ұйымнан (Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы) және он шет мемлекеттен 345 байқаушыны аккредиттеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша 28 мемлекеттен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 116 өкілін аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар