Сенат вице-спикері А.Бейсенбаев Жапония елшісімен кездесті

9 Наурыз, 2016 15:12
Төраға орынбасары Қазақстан мен Жапония арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді және нәтижелі қызметі үшін дипломатқа алғыс айтты.

А.Бейсенбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы мен бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың негізгі мәселелеріне негізделген Сенаттыңзаң шығару жұмысымен таныстырды.

Кездесу барысында ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың мәселелері де талқыланды.

«ЭКСПО-2017: Болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесіне қолдау білдіргені үшін Жапония үкіметіне ризашылық білдірген төраға орынбасары Астанада жапон компаниялары өздерінің жаңа жетістіктерін көрсету үшін көрменің мүмкіндіктерін барынша пайдалана алатынын атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар