- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда кәмелетке толмағандардың құқықтарының кепілі талқыланды
Атырауда кәмелетке толмағандардың құқықтарының кепілі талқыланды
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың құқықтарының кепілі, отбасы мен еңбек дауының шешімі – медиатор» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Атырау облыстық сотының, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының және Атырау қалалық соттарының судьялары, кәсіпқой медиаторлар, Атырау қаласы әкімінің, қорғаншы және қамқоршылық органдардың, кәсiптiк одақтың, нотариалдық палатаның, ішкі істер органының, адвокатураның, прокуратураның, «Нұротан» халықтық демократиялық партиясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты медиацияны кеңінен қолдануын дамытуға және қолдау көрсетуге, сот пен билік арқылы насихаттау болып табылады.
Алғысөзді ювеналды соттың төрағасы Б.Жұмабаев алып, ювеналды соттың судьялары дауды бейбіт жолмен реттеуге ықпал жасап жатқанын, соның нәтижесінде 8 азаматтық іс сот медиаторының медиациялық келісім жасауымен, 4 іс кәсіпқой медиатордың медиациялық келісім жасауымен, 1 азаматтық іс партисипативтік келісім жасауымен, 3 бітімгершілік жасаумен аяқталғанын, 2 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Идирисов кәмелетке толмағандардың мүддесін қозғайтын дауларды қарау барысындағы медиатордың дауды шешудегі рөлін айтты.
Келесі баяндамашы Атырау қалалық соттың судьясы М.Саримова еңбек пен отбасы дауларында медиацияны кеңінен қолданудың қажеттілігіне тоқталып, осы санаттағы істерді медиациялық келісіммен аяқтау жағымды әлеуметтік ортаны қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, медиацияны тәжірибеде кеңінен қолдануын дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысы: еңбек құқықтарының сақталуы мен уақытылы еңбекақыны қадағалау тапсырылды -
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Белсенді азаматтық қоғам - білікті мемлекеттік басқарудың кепілі -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды -
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды