- Басты
- Жаңалықтар
- ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары қаралды
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары қаралды
2015 жылы 15 қыркүйекте Душанбеде қол қойылған келісім ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа да құралымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы өзара іс-қимылын реттейді. Құжат осы тасымалдауды жоспарлау және іске асыру барысында халықаралық құқықтың жалпыға бірдей мойындалған қағидалары мен ережелері негізінде өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Комитет мүшелері сонымен қатар «2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын да талқылады. 2015 жылғы 15 қыркүйекте Душанбеде қол қойылған Хаттама 2003 жылғы 28 сәуірдегі Келісімнің мерзімі 2016 жылы 23 қаңтарда аяқталуына байланысты оның қолданыс мерзімін ұзартуды көздейді.
Одан басқа, Хаттама Мемлекетаралық жұмыс тобын құру мәселелері бойынша ҰҚШҰ органдарының өкілеттіктерін нақтылауды, сондай-ақ ҰҚШҰ аясында қолданыстағы келісімдерге сілтемелерді жаңартуды көздейді. Құжаттарды ратификациялау ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің әскери-техникалық ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ аймақтық және ұжымдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға жәрдемдеседі. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы