• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені іске қосылады

Жамбыл облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау кешені іске қосылады

9 Наурыз, 2016 13:09
Жамбыл облысында 5 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған кешен іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтсақ "Мойынқұм Агро" базасында екі ірі кешен - 3000 басқа арналған бордақылау алаңы мен ет бағытындағы МІҚ өсірумен айналысатын 5000 басқа арналған  шаруашылық-репродуктор құрылысы аяқталады.

Бүгінгі күнге серіктестік тарапынан Ресей Федерациясынан 900 бас «Қалмақ» асыл тұқымды МІҚ малы, 1200 бас жылқы әкелінді. 2016 жылдың аяғына дейін 1000 бас асыл тұқымды емес  және 3000 бас асыл тұқымды МІҚ әкелінуі жоспарлануда.

Жалпы жоба құны 5,0 млрд.теңгеге жуық болса, оның ішінде 1,5 млрд.теңгесі игерілді. Игерілген қаражаттың 700,0 млн. теңгесі «ҚазаАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылса, қалған қаражат көлемі өз есебінен «Құлан», «Алтын Асық» және «Сыбаға» бағдарламалары арқылы жеңілдетілген несиемен алынды.

Бүгінгі таңда жобаға сәйкес салынатын 20 қашардың 9-ның құрылысы толық аяқталып, 2-ің құрылысы жүргізілуде. Малшылар тұратын үйлерді салуға 45 адам тартылған.

«Агрофирма Түркпен» ЖШС-і келешекте сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малын әкеліп, сүт өнімдерін өндеуді және алдағы уақытта ұсақ шаруашлықтарды маңайына біріктіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, аймақтағы мал бордақылау алаңдары мен кешендердің саны өсуде.

Бүгінгі күні облыста 17 998 басқа арналған бордақылау алаңдары бар болса, оның 4 950 басқа арналған бордақылау алаңы 2015 жылы құрылып, жылдық жоспар 126,9% орындалды.

Өткен жылы осы бордақылау алаңдарында 1 531,5 тонна сиыр еті өндіріліп оларға 250,4 млн. теңге субсидия төленді.

Асыл тұқымды мал репродукторларын құру мақсатында облысқа соңғы үш жылда шет елден  МІҚ малының 2 730 аналық басы әкелінген.

Жалпы, бұл жобаларды жүзеге асыру өңірдегі мал басының артуына септігін тигізеді.

Екі агрокешен ағымдағы жылдың аяғына дейін іске қосылады. Оның ішінде 3000 басқа арналған бордақылау алаңы осы жылдың жазында, 5000 басқа арналған репродуктор-шаруашылық күзге дейін қосылуы жоспарланған. Жобалар іске қосылған жағдайда 200 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

 

Барлық жаңалықтар