- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-де Армия ойындары-2016-ға қатысу үшін іріктеу кезеңі басталды (ФОТО)
ҚР ҚК-де Армия ойындары-2016-ға қатысу үшін іріктеу кезеңі басталды (ФОТО)
Байқауға қатысу үшін 3 негізгі және 1 резервтік есептоп іріктеліп алынды. Конкурсқа дайындалу кезінде әскери қызметші химиктер барлау-химиялық машиналарда жеке жарысты, химиялық зақымдау қөзін іздестіруді, арнайы өңдеуді жүргізу мен атыс-шабуылдау жолағында мәрені, сондай-ақ эстафета мен атыс даярлығын пысықтайды. Әскери қызметшілерді іріктеу кезінде олардың психологиялық тұрақтылығы, дене төзімділігі, кәсіби дағдысы мен атыс дарялығының бағасы зерделенді. «Қауіпсіз орта – 2016» байқауының ережесі негізінде дайындық жоспары әзірленді, апта сайын даярлық пәндері бойынша сабақ кестесі жасалады.
Одан басқа, барлық кедергілермен «Буньково» полигоны жерінің болжалды сұлбасы құрылды. Күн сайын қатысушылардың таңғы уақыты дене даярлығынан, яғни, жылдамдық пен күшті дамытуға арналған жаттығудан басталады. Бөлім аумағында жергілікті жерде иондалған сәулелену көзін айқындау бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Автодромда жауынгерлік барлау машинасы іс жүзінде жүргізіледі, сондай-ақ жеке құрам жүзу бойынша жаттығу өткізеді.
Сайысқа қатысушыларды дайындау мақсаты ҚР Қарулы Күштерінің РХБҚ әскерлері арасында Гвардейск кентінде өтетін «Қауіпсіз орта» байқауының іріктеу айналымынан өту. Аталмыш сайысқа қатысушы дебютант Ресей Федерациясында еліміздің намысын қорғайтын болады. Бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігіне, әр маманның біліктілігі мен теориялық біліміне, орағытуды шебер орындауына, тәжірибесіне, экипаж есептоптары арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылатынын айта кетейік.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері